ШЫҰ университеті кафедрасы

    Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеті. Университет негізгі ШЫҰға мүше - мемлекеттерінің үкімет аралық білім саласындағы ынтымақтастық келісім шарт бойынша кұрылған. Аталған келісім шарт 2006 жылы 15 маусымда Шанхай қаласында ШЫҰ мүше - мемлекеттерінің білім министрлерінің қатысуымен қабылды.

    2008 жылы 24 қазанда Астанада ШЫҰ университетінің негізгі Тұжырымдамалары және оның орындау жоспары бекітілген. Аталған Тұжырымдама бойынша ШЫҰУ мүше – мемлекеттерінің ( Қытай , Ресей , Кырғыстан Қазақстан , Тәжікстан , Өзбекстан ) сонымен қатар бақылаушы- мемлекеттерінің (Монғолия, Үндістан, Иран, университетерінде жұмыс істей бастады.

    ШЫҰ университеті аталған мемлекеттердің арасында білім, ғылым, технология және мәдениет саласындағы ықпалдастықтың инновациялық үлгісі, қазіргі заманға сай оқыту мен білім берүдің жаңа жолдардың қалыптасуының негізгі шарты болып табылады.

    Аталған университетің мақсаты негізі ШЫҰна мүше – мемлекеттердің басшылығымен қабылданған жан-жақты нормативтік, заң актілерімен айқындалған:

  • ШЫҰ мүше – мемлекеттерінің, ел аралық өз ара сенімі мен көршілес достық қарымқатынасын нығайту;
  • білім ғылым және технологияларды білім беру ықпалдастығын нығайту;
  • ШЫҰУ қатысушы елдердің экономикалық, ғылыми техникалық және мәдени салалардағы тиімді ынтымақтастық жасауына ықпал ету;
  • Білім алушылардың ШЫҰУ елдер- әріптестердің осы заманғы, озат білім қызметі тәжрибесін игеру есебінен халықаралық білім денгейін қаматамасыз ету;

    ШЫҰ Университеті басым бағыттары: «Нанотехнология», «IT-технология», «Экология», «Энергетика», «Аймақтану» болып табылады.

    ҚазҰТУ-да ШЫҰУ-нің кафедрасы құрылды. ШЫҰУ-нің «Нанотехнология», «IT-технология», «Экология» бағыттары бойынша халыкаралық білім беру бағдарламаларын енгізуге жузеге асыруға жауап беретін бөлімше ашылды.

    ШЫҰ университеті кафедрасының міндеттері::

  • ШЫҰУ-ның әріптес университеттері шеңберінде академиялық білім берілуін қамтамасыз ету;
  • магистерлік бағдарламаларды іс жүзінде еңгу және жүзеге асыру;
  • магистерлiк бiлiм бағдарламаларнын бейіндік кафедраларын әріптестермен сәйкестендіру;
  • ШЫҰУ әрiптестерінің арасындағы қосымша келiсiм шартты жасау;
  • ШЫҰУ шеңберiндегі оқу барысының әдiстемелiк және ұйымдастыру шараларын бақылап отыру;
  • Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да ШЫҰУнің ақпараттық порталын құру.

    ШЫҰ Университетінің бағдарламаларын іске асыру білім үрдісін қалыптастыруға, ғылым мен технологияны дамытуға және ШЫҰ елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сөзсіз игі әсер етеді.