Геофизика

  

Осы жылы Қазақстандағы геофизикалық білім беру саласына 65 жыл толды. КСРО Білім министрлігінің 5 шілде 1950 жылы № 1119 бұйрығымен 1950-1951 оқу жылы ҚазТМИ геологиялық барлау факультеті құрамында жаңа кафедра – пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері кафедрасы құрылды. Осы бұйрық Қазақстандағы геофизик мамандарды даярлауды ұйымдастырудың басы болды. Қазіргі уакытта геофизика мамандарын  үш университетте даярлауда: Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттык  техникалық зерттеу университеті, Қарағанды ұлттық техникалык университеті және Атырау мұнай және газ институты.
     Ең алғашқы Қазақстанда геофизикадан білім беру  ҚазҰТЗУ-дың  геофизика кафедрасынан  басталды.
Геофизика кафедрасының  алпыс жылдық тарихында 1800 астам инженер-геофизик мамандар даярланып шығарылды.  ҚазҰТУ-дың геофизика кафедрасында геофизик кадрлар даярлау жүйесі алғашқы орындарда екеніне күмән жоқ. 2001 жылы Университет 180540-«Сейсмология» мамандығы бойынша инженерлерді даярлауға лицензия алды. Жаңа мамандықтың ашылу себебі Қазақстанның маңызды территорияларында, соның ішінде мұнайгаз кен орындарында  қатты жерсілкініс қаупі бар. Сейсмология мәселесін арнайы дайындалған кадрларсыз шешу мүмкін емес. Сейсмология кафедрасында екі түрлі инженер-сейсмологтар дайындалады және олар Қазақстанның сейсмология салаларында еңбек етіп жатыр.

Қазіргі таңда кафедра студенттерді оқытуда нақты тәжірибе жинады, өзіндік дәстүрлері құрылып, геофизиктерді даярлау талаптары мен өлшемдері анықталды. Қазақстанда геофизикалық білімнің флагманы бола отырып, кафедра жұмысы тұрақты түрде кеңейіп, ғылыми және өндірістік ұйымдармен байланыстарын дамытуда.
     Соңғы жылдары инженерлік деңгейдегі мамандарды даярлаудың негізгі 5 жылдық оқу мерзімі формасын жаппай бакалаврларды даярлаудың 4 жылдық оқу мерзіміне ауыстырылды. Мұндай күрделі ауысу геофизика мамандарын даярлау үрдісіне біршама өзгерістер алып келді, оқу  үрдісінің оқу және тематикалық жоспарлары өзгерді, арнаулы курстардың («Сейсмобарлау», «Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу» сияқты негізгі пәндер) сағаты (ұзақтылығы) қысқарды. Толық қанды білім алулары үшін магистратураға  грант саны аз  бөлінеді.

Соңғы жылдардағы осы саладағы геофизик мамандардың саны орташа есеппен жылына 25-30 маманды құрайды. Бағалау бойынша геологиялық-геофизикалық кәсіпорындарға түлектердің 60-70% жұмысқа тұрады.
     Қазіргі таңда геофизика өзінің тарихында қиын кезеңді бастан кешіруде. 2008 және 2015 жылдардағы әлемді қамтыған қаржылық және экономикалық дағдарыс геофизикалық қызмет көрсетудің қазақстандық нарығына да кері әсерін тигізді. Көптеген қазақстандық геофизикалық компаниялар мен фирмалар қаржылық қиындықтарға байланысты ауыр жағдайларға душар болды, ал бұл өз кезегінде геофизик-студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін қиындатып жіберді.
     Кафедра бірінші рет нәтиже берген өндірістік ұйыммен серіктестік байланысты жақсарту үшін белсенді жұмыс жүргізеді. Қазақстан территориясында геофизикалық қызмет көрсету ортасында жұмыс жасайтын алдыңғы қатарлы геофизикалық компаниялар кафедраның сенімді әріптестері болды. Олар: “PGD SERVICES PARADIGM-DANK COOPERATION” компаниясы (ген.директоры Банников Г.А), ғылыми өндірістік фирма (НПФ) “DANK” (президенті Құрманбаев М.С), АО “Компания ГИС”, компания “Азимут” ( президенті Ларионов Н.И) және т.б.
     “ДАНҚ” және “ДАТА Инвест” геофизикалық компаниялары геофизика мамандығындағы жоғарғы курс студенттеріне (3-4 курс) оқу деңгейін жоғарылату мақсатында  ірі геофизик, профессор Акишев Т. және геофизика факультетінің бірінші деканы, профессор Каримов М.Т атындағы үш айлық степендия  тағайындады.
Жоғары дәрежелі мамандарды дайындап шығу мақсатында Канадалық компаниялар Datamine және Phoenix Geophysics Ltd, Gеosoft, CGG (Франция) сонымен қатар Монтана ТЭК (АҚШ) университетімен меморандумға қол қойылды. Геофизикалық білім беру жүйесі барлық қиындықтарға қарамастан жоғары дәрежелі маман даярлауға өндірістік жұмысты жылдам игеруге және көптеген ғылыми жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

  

Геофизика кафедрасының ПОҚ (2014 жыл)

 2015-2016 оқу жылындағы геофизика мамандығындағы жұмыс жүргізушілердің жалпы штаттық ПОҚ саны 20 және оның ішінде 14 (80%)  жоғары дәрежелі білім берушілер, орташа жас 57 жасты құрайды.

Есеп беру жылында кафедрада (3-4 курс) 5В070600 мамандығынан (геофизикалық іздеу және барлау әдісі ) 64 студент білім алды.

     Мекен-жайы: АЕҚ Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, К.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты, Геофизика кафедрасы. тел. 257-71-57, Е.М.Ахметов

Болашақ