Мұнай және газ геологиясы

     Мұнай және газ геологиясы кафедрасы 050706-геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандықтары бойынша бакалавриат студенттеріне және 6N0706-геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау мамандықтары бойынша магистранттарға білім береді.    Кафедраның негізін алғаш 1961жылы ҚазССР ҒА мүше-корр., геол.-мин. ғыл. докторы, профессор П.Я. Авров қалады.
     Кафедраны әр жылдары – 1966 - 1992 ж.ж профессорлар И.И. Шмаис, Г.Ж. Жолтаев, доцент Е.В. Белов басқарды, ал 1992 жылдан геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Герой Жолтайұлы Жолтаев басқарады.
     Кафедрада 180340 мамандығы бойынша 1960 жылдың қыркүйегінен бастап кадрлар даярлана бастады. 1500-ден астам адам инженер геолог-мұнайшы мамандығын алып шықты. Олардың ішінде 10 бітіруші докторлық диссертация, ал 20-дан астамы кандидаттық диссертацияс қорғады. Бітіріп шыққан түлектер арасында облыс, аудан әкімдері, мұнай компанияларының президенттері бар. Негізінде мамандық түлектері Қазақстанның геологиялық барлау экспедицияларында, мұнай газ өндіру және әртүрлі сервиздік компанияларда істейді.
     Кафедра Қазақстанда осы бағытта жұмыс істейтін әлемнің көптеген ірі компанияларымен тығыз байланыс жасайды. Олардың қатарында Техас университеті (АҚШ), Хьюстон университеті (АҚШ), Пуанхаре атындағы Нанси университеті (Франция), Гамбург-Гарбург техникалық университеті (Германия), И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ академиясы және т.б. бар.
     Ынтымақтастық түрлері әртүрлі: дәріс берушілермен және ғылыми әдебиеттермен алмасу, бірлескен зерттеулер мен конференциялар және аспиранттарды сынақтан өткізу, т.б.
     Кафедра компаниялардың мұнай мамандығы қызметшілерімен Шеврон Амоко, Бритиш Петролеум, Бритишгаз, Эксон Мобил, Тоталь Франция мұнай институты компанияларының жетекші ғалымдарымен, бас менеджерлерімен кездесулер, таныстырулар өткізеді.
     2008 ж. АҚШ геология докторлары Боб Стюарт “Карбонатты платформалар” тақырыбына, 2009 ж. Патрик Леман, Патрисий Грехем түрлі тақырыптарға семинарлар өткізеді.
     Кафедраның үздік студенттері Ұлыбританияда, Францияда, АҚШ-та, Голландияда және Азербайжанда. тәжірибиеден өтеді.
     Күндізгі жане сырттай оқыту формалары бойынша орта, орта-кәсіби және жоғары-кәсіби білім беру деңгейінде білім қызметі лицензиясы бар.
     Кафедрада тәжірибелі жоғары білікті 10 оқытушы бар (2 орын ауыстырушы), оның ішінде бесеуінің ғылыми атағы бар, 2 ғылым докторы-профессор, 3 ғылым кандидаты-доцент жұмыс істейді.
     Мемлекеттік тілде сабақты 6 оқытушы жүргізеді: оқытушылардың 40% француз және ағылшын тілдерін меңгерген, шетел әдебиеттерімен еркін жұмыс істейді.
     Кафедра оқытушылары шетел компанияларында тұрақты тәжірибеден өтіп тұрады. Оқытушылар Г.Ж.  Жолтаев, Т.А. Енсепбаев, С.Г. Нұрсултанова Франциядағы Шлюмберже компаниясында, Англиядағы Кембридж оқу орнында, жас оқытушылар Г.Ермекбаева, Н. Қасымова Франциядағы Бейсикфранлаб зертханасында және Шлюмберже компаниясында тәжірибеден өтті. Доцент Т.Енсепбаев Францияның Нанси университетінде докторантурасын аяқтап, РһD диссертациясын қорғады. Оқытушылардың басым бөлігінің 15 жылдан артық еңбек өтілі бар, барлығы конкурс негізінде тағайындалған.
     Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамның сапалық деңгейі осы заманғы инженер-геологтарды дайындауға мүмкіндік береді.

Болашақ