Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану

     «Газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» кафедрасы 2000 ж. Геология және мұнайгаз ісі институтының «Мұнай және газ кеніштерінің жабдықтары мен машиналары» кафедрасы негізінде құрылды. 200340 мамандығы бойынша инженер-механик маманын даярлау 1987 жылдан басталған.

     Бұл:050708- «Мұнай-газ ісі» (бакалавриат) мамандығына «Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау және пайдалану » бағыты және 050729 – «Құрылыс» (бакалавриат) мамандығына «Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларының құрылысы » бағыты сәйкес келеді. ҚР мұнай өндірісі үшін күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде студенттерді мақсаттық даярлау жүргізіледі. Кафедраның түлектері мұнай мен газды тасымалдау және сақтау өндірісіндегі магистралды құбыр бөлімшелерінде, мұнай-газ қоймаларында бас инженер, инженер, сол сияқты мастер, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында маман және қызметкер ретінде жұмыс істейді.
     Қазір кафедраның профессорлық - оқытушылар құрамы 15 адамды құрайды.
     Оның ішінде 3 ғылым докторы- Құмар Б.К., Байтұрсынов Д.М. және Кошумбаев М.Б., 7 техника ғылымдарының кандидаттар: доценттер-  Ботаханов Е.Қ., Іргебаев Т.І., Қиябаев С.Н., Джексенбаев Н.К., Алисұлтанова З.Т.,  аға оқытушы - Тойпасова Ұ.М., Түсіпқалиев Е.А. және 3 аға оқытушы -Бөкенова М.С., Молжігітов С.К., Имансақыпова Н.Б., 1 оқытушы- Сматов А.Қ., 1 ассистент-Молдағанапова А.Ғ. және сонымен бірге 2 қосалқы көмекші оқу құрамы  Құрманова  Г.З.  және Бабаев Н. Ә. жұмыс істейді.
     Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» кафедрасының меңгерушілері болғандар:

 

  • 2000-2003ж.ж. ф.- м.ғ.д., профессор -Әлімжанов М.Т.
  • 2003-2009ж.ж ф.- м.ғ.д,профессор - Әлімжанов А.М.
  • 2009-2010ж.ж т.ғ.д., профессор – Ұнаспеков Б.Ә.

     2010 жылдың шілде айынан бастап кафедра меңгерушісі - т.ғ.к., каф.профессоры – Құмар Б.К. Құмар Бақдәулет Кәкімұлы 1973 ж. ҚазПТИ-дің инженерлік факультетін ӨжАҚ мамандығы бойынша аяқтады. Ал 2005ж. ҚазҰТУ-дың Мұнай-газ саласынан ГГЖСжП мамандығы бойынша механик-инженер мамандығын алған. 2005ж. «Құрылыс» мамандыға бойынша доцент аттестаты берілген. Алматы қаласындағы «Казгипрокоммунстрой», мемлекеттік «КазпромстройНИИпроект», «ҚазСҚСҒЗИ» жобалау және ғылыми-зерттеу институттарында инженер-конструктор, аға инженер және аға ғылыми қызметкер болып істейді.
     1991-2004 ж. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында ассистент, аға оқытушы, доцент, шақырылған профессор болып қызмет атқарған.
     2003ж. бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ –дың Геология және мұнайгаз ісі  институтында жұмыс істейді. Мұнай-газ саласынан ГГЖСжП мамандығы бойынша механик-инженер мамандығын алған.  Осы мерзім ішінде мамандыққа арналған 150-ден астам ғылыми және оқу әдістемелік еңбектері жарық көрген. Оның ішінде 1-оқулық, 3-оқу құралы бар.
     ҚазҰТУ –дың қоғамдық жұмыстарына белсене араласады: Б.К. Құмар «РАС» газетінің редакциялық алқа мүшесі, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Шахматтан спорт шеберлігіне кандидат, университеттің шахмат командасының мүшесі. Ғылыми- педагогикалық еңбек өтілі -31 жыл.
     Кафедраны 2014 жылдың қыркүйектен осы күнге дейін техника ғылымдарының кандидаты, Т.И Иргебаев басқарады.

Мекен жайымыз, байланыс :

     Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, Сәтбаев 22 көшесі, 227 БОҒ (тел. 257-70-62), 216 БОҒ (тел.73-83)

 

 

Болашақ