Мұнай және газ кенорындарын пайдалану және баптау

          

    «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану және қызмет көрсету» (МжГКОПжБ) кафедрасы қазақстандағы мұнайшы–инженерлерді дярлау жөніндегі негізгі және бұрынғы кафедра болып саналады.
    «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану және қызмет көрсету» (МжГКОПжҚК) негізінен 2011жылдың қыркүйек айында құрылды. МжГКОИ кафедрасы 1965ж «Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы және комплексті механизациясы» мамандығы бойынша тау кен инженерлерін даярлау мақсатында құрылды. Кафедраның бірінші меңгерушісі болып профессор Халиков Г.А бекітілді. Кейінгі жылдары МГКОИжП кафедрасын Майлыбаев М.М., Абишев С.К., Умаров М.У., Ахмеджанов Т.К., Баймухаметов М.А басқарды. 2011жылдың қыркүйек айында Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай газ ісі институтының «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану және қызмет көрсету» кафедрасының меңгерушісі болып г.-м.ғ.к., Phd, доцент Еңсепбаев Т.А тағайындалды.
    «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану және қызмет көрсету» кафедрасы Қ.Тұрысов атындағы геология және мұнай газ ісі институтының басқа да кафедраларымен бірігіп «мұнай газ ісі» мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілінде үш деңгейлі (бакалавриат, магистратура және докторантура) мамандар даярлуды жүзеге асырады. «Мұнай газ ісі» -050708 мамандығы білім беру бағдарламасы ASIIN (Германия) агенттігінде тіркелді, халықаралық агенттіктерде де АВЕТ (США) тіркелу үстінде. «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша бакалавр мен магистрларды даярлау барысында ғылым мен техниканың заманауи жетістіктері қолданылады, компьютерлі технологиялар- арнайы оқу бағдарламасы, ұңғыманы зерттеу мақсатында қазіргі мұнай кәсіпшілігі құрал-жабдықтары–деңгей өлшегіш «Суддос», манометр-термометрлер, «Сиддос» динамографы қолданылады. Қазіргі уақытта «МжГКОПжБ» кафедрасында 20 оқытушы, сонымен бірге 1 ғылым докторы (Phd), 9 ғылым кандидаты және 2 ғылым магистранты жұмыс істейді.

    Байланыс тел: Мұнай ғимараты, 257 70 58; мобилді: 8 701 357 52 31;
    E-mail: tensep@ mail.ru. 
    Кафедра меңгерушісі: ткмғ кандидаты , PhD, доцент Еңсепбаев Т.А.

Болашақ