Ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы және техникасы

     1957 жылы Қазақстанның мұнай саласының өрлеу кезеңінде Қазақ тау-кен металлургиялық институтында (ҚазТМИ) геологиялық барлау және тау-кен факультетінде инженерлерді дайындау бойынша жаңа мамандықтар ашылды: «Мұнай және газ кенорындарының геологиясы және барлау», «Мұнай және газ кенорындарын пайдалану және игеру».


    

     1958 жылы «Пайдалы қазбалар кенорындарының барлау техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша студенттер қабылдана бастады.
     Аталған мамандық бойынша тау-кен инженерлерін дайындау бастапқыда пайдалы қазбаларды барлау техникасы және әдістеме кафедрасы айналысқан, кафедраны геология – минералогия ғылымдарының докторы, ҚазССР Ғылыми Акедемиясының корресподент мүшесі Кушев Г.Л. басқарды.


    

     1960 жылы Қазақ тау-кен металлургиялық институті Қазақ политехникалық институты болып өзгертілді.


    

     1966 жылы Қазақстанның мұнай саласын инженер кадрлармен қамтамасыз етү үшін үш кафедраның базасында мұнай факультеті құрылды. Осы құраушы кафедраның бірі пайдалы қазбаларды барлау техникасы және әдістеме кафедрасынан бөлініп шыққан «Ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы және техникасы» кафедрасы болды.

 

 
    

     Ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы және техникасы кафедрасына қойылған талап мұнай саласына және геологиялық қызметке екі мамандық бойынша бұрғышы- инженерлерін дайындау:
          - мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау;
          - пайдалы қазба кенорындарының барлау техникасы мен технологиясы.


    

     1986 жылы «ҰБТжТ» кафедрасы екіге бөлінді, біріншісі мұнай газ ұңғыларды бұрғылау, екіншісі қатты пайдалы қазбаларды және суға ұңғыларды бұрғылау салысында инженерлерді дайындау.


     1995 жылы осы кафедралар қосылып ескі атауы «Ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы және техникасы» беріліп, қазіргі уақытта бакалавр, магистр, доктор PhD екі мамандық бойынша дайындайды:
          - мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау;
          - қатты пайдалы қазбаларға және суға ұңғыларды бұрғылау.


     «Ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы және техникасы» кадедрасының құрамы, 2015 жылдың күзі

 

 

    Байланыс:

    Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ,
     050013, Қазақстан Республикасы,
     Алматы қ-сы, Сәтбаева к-сі, 22-а, офис 711мғ.
     тел: + 7 (727) 257-70-57. E-mail: titbs @mail.ru

Болашақ