Ақпараттық және ғарыштық технологияларды ұжымдық қолданудың ұлттық ғылыми зертханасы (АжҒТҰҚҰҒЗ)

     Зертхана қызметінің негізгі мақсаты – ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысатын субъектілермен ақпараттық және ғарыштық технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуін қамтамасыз ету. Зертхана отандық және шетел ғалымдарына олардың тұрақты жұмыс істейтін ғылыми ұйымдарының ведомствалық меншік пен жеке меншік формасынан тәуелсіз ғылыми зерттеулер өткізуге мүмкіндік береді. Зертхана елдің ғылыми ұйымдарының және ЖОО-ның ғалымдары мен мамандарына, бірлескен зерттеулер өткізуге қатысатын шетел ғалымдарына қолданыста бар барлық материалдық құралдарды келісім-шарт негізінде береді. Қазіргі таңда зертханада пайдалануға Есептеуіш кластер (Суперкомпьютер) іске қосылған.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Есептеуіш кластері

supercomputer

     Есептеуіш кластердің жалпы сипаттары:

  • Есептеуіш түйіндердің саны: 128
  • Есептеуіш түйіндердің типі: Fujitsu PRiMERGY BX920 S1 Dual Server Blade
  • Процессорлар саны: 256
  • Процессорлар типі: Intel Xeon Quad Core DP X5550 2,66GHz
  • Ядролар саны: 1024
  • Жедел жады: DDR3-1333 2048 GB
  • Мәліметтерді сақтау жүйесі: NetApp FAS6080A 280 TB
  • Интерконнект: 10 Gigabit Ethernet
  • Басқару серверлері Fujitsu PRIMERGY RX300 S5
  • Операциялық жүйелер:
    • Windows HPC Server 2008 R2
    • Rocks Cluster Distribution 5.4.3 (Viper)
  • Жоғарғы өнімділігі: 10,9 TFLOPS
Болашақ