Үздік оқытушы

ҮЖО Ережесі

Конкурс туралы, қатысу шарттары

          «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

        Конкурс Қазақстан Республикасы Үкіметінің ««ЖОО үздік оқытушысы» атағын иелену Ережесін және берілген мемлекеттік грант қаражатын жұмсау бағытын бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүргізіледі. 2012 жылы көрсетілген қаулыға сәйкес және грантты нәтижелі пайдалануды артыру мақсатында, конкурсты жүргізу барысында келесідей өзгерістер енгізілді:

       - 5 жыл көлемінде атақ тұлғаға бір реттен артық берілмеуі қажет;

       - екі кезеңділік: университеттік және республикалық;

       - университеттік конкурс қорытындысы бойынша республикалық конкурсқа ЖОО-ны 50 штаттық оқытушылар есебінен 1 үміткерден артық ұсынуына болмайды.

       Хабарландыру ҚР БжҒМ сайтында ағымдағы жылдың қазан айында орналастырылады, хабарландырудан кейін, іріктеу жүргізу Ережесіне сәйкес ҚазҰТУ конкурстың университеттік кезеңін ұйымдастырады. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің университеттік кезеңі ««ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын беру үшін республикалық конкурсқа қатысу бойынша үміткерлерді іріктеу туралы Ереже» негізінде өткізіледі. Бұл ретте үміткерлердің соңғы 5 жылдағы сапалық және сандық көрсеткіштері беріледі.

       Конкурсқа құжаттар тапсыру кезінде 5 жылдан кем емес үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар, Қазақстан Республикасының азамттары болып табылатын, ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатыса алады. Республикалық конкурсқа қатысу үшін университеттік кезең қорытындылары бойынша жыл сайын ҚазҰТУ үміткерлерінің құжаттары университет Ғылыми Кеңесінің ұсынуымен жіберіледі.

       «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты конкурстық негізде жоғарғы оқу орнының жоғарғы педагогикалық және ғылыми жетістіктері бар оқытушыларына беріледі.

    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ оқытушылары Бесімбаев Ерік Тұрашұлын, Ратов Боранбай Товбасарұлын, Даулетбаков Тимур Суванұлын және Өжікенов Қасымбек Әділбекұлын 2015жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын алуларымен құттықтаймыз!

Ішкі аудит департаменті

    Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде 2015 жылдың 1 қарашасынан сабақтар жаңа кесте бойынша өткізіледі. Сабақ кестесі.

АкМД

    Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ сапа менеджменті жүйесін жақсарту және тиімді жұмыс істету мақсатында «Sc Educational & Training Center» ЖШС-мен «(ХС) ИСО 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ішкі аудиторларды даярлау» тақырыбында бірлескен семинар өткізілді.

ІАД

    Обладателем государственного гранта «Лучший преподаватель вуза» 2012 года, к.х.н., заведующей кафедрой «Машины и технологии полиграфического производства» ИПИ Ибраевой Ж.Е. опубликована статья на тему «Послание Президента РК Н. Назарбаева как ключевой ориентир в подготовке специалистов современного полиграфического производства» в Республиканской газете «Талапкер», издание №3 (199), февраль, 2013г.

ІАД

      2013 жылдың 15 қаңтарында Қазақ ұлттық өнер университетінде (Астана қ.)Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрі Б.Т. Жұмағұловтың қатысуымен «ЖОО үздік оқытушысы-2012» атағы иелерін салтанатты марапаттау кеші өтті.

ІАД