Тәрбие жұмысы департаменті

   Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент 2001 жылы университеттің тәрбие жұмысының жүйелілігін оқу үдерісімен тығыз байланыста қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
   Департамент өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  • ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын және басқа да бағдарламалық құжаттарын насихаттау;
  • студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының, студенттік қоғамдық ұйымдардың қызметін қолдау және дамыту;
  • тұлғаның әлеуметтік, мәдени, рухани дамуы мен дене шынықтыруына ықпал ететін тәрбиелік (патриоттық, мәдени-бұқаралық, қоғамдық, спорттық) іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу;
  • студенттермен жеке тәрбие жұмысын жүргізуде эдвайзерлер мен тәлімгерлер институтының рөлін арттыру;
  • тәрбие жұмысын ұйымдастыруда институттар мен университеттің кафедраларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
  • оқумен, тұрмыспен, бос уақытпен, т.б. байланысты мәселелерді шешу мақсатында университет басшылығының студенттермен кездесулерін тұрақты түрде ұйымдастыру;
  • білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру;
  • студенттік кампуста тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
  • университеттің тәрбие жұмысы бойынша іс-шараларын техникалық қамтамасыз ету;
  • А. Машани мен Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми еңбектері мен рухани мұрасын насихаттау арқылы патриотизмді тәрбиелеу.

      
   Тлесбаев Макарим Құсайынұлы - Тәрбие жұмысы департаментінің директоры
   Мұнай ғимараты, №302 кабинет
   тел.: 257-70-08, (ішкі 70-08)
   e-mail:tmk_66@mail.ru

 

      
   Өмірбекова Арайлым Амангелдіқызы - Тәрбие жұмысы департаменті директорының орынбасары
   Мұнай ғимараты, №607 кабинет
   тел.: 292-70-22, (ішкі 70-22)
   e-mail: arailym_omirbekova@mail.ru

Болашақ