Институт туралы

    “Excellence PolyTech” Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім институты (ХЖООКБИ) 9-шы желтоқсан 2008 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Ж.М. Әділовтың бастамасымен құрылған белсенді инновациялық жоба болып табылады.
    “Excellence PolyTech” ХЖООКБИ миссиясы::
ҚР экономикасы мен индустриясының халықаралық аймақтағы және Қазақстан Республикасы халқының жағдайын жақсартудағы бәсекелестік қарсыласу қабілетін арттыруға ықпал ету.
    Мақсаты:
    Таңдаулы озық шетелдік университеттер стандарттарына сәйкес интердисциплинарлы, көпвекторлы білім және қос дипломды білім бағдарламасын орындау жолында магистранттар және докторанттар кәсібі біліктілігін және білімдерін адекватты дамыту.
    Функция:
    Халықаралық ортада түлектердің кәсіби қызметінің жүйелі қалыптасуы және жоғары білікті кадрлар даярлауда тиімді басқару және үйлестіруді қамтамасыз ету.
    Күтілетін нәтижелер:
    Қазақстан Республикасының индустриялды саласында бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрлар даярлауда Қазақстан Республикасының талаптарын қанағаттандыру.

    Қос дипломды білім бағдарламасыүкіметаралық келісімге сәйкес Шанхай ынтымақтастық ұйымының университеті аймағында, Қазақстан және Франция арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы Декларация, сондай-ақ АҚШ, Франция, Италия, Германия, Ресей Федерациясының озық шетелдік ЖОО-дарымен меморандумдарға сәйкес 51 магистратура және 27 PhD докторантура бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
    Оқу процесі ҚазҰТУ-да және Университет-серіктестерінде өтеді. Түлектер оқу бітірген соң қос диплом – ҚР мемлекеттік үлгісіндегі және шетелдік серіктестің дипломдарын алады.
    «Excellence PolyTech» ХЖООКБИ қаржылық қолдау көрсету мақсатында, оқуға және іс сапарға гранттар және стипендиялар беретін Темпус, DAAD, DFG, Эразмус-Мундус, Шеврон Халықаралық ұйымдарымен тұрақты қатынас орнатуда.
    Магистранттар «Темпус» жобасы аясында шетелдік серіктес-университетте «Су ресурстары менеджменті», «Энергетика және электротехника», «химиялық инжинеринг» Халықаралық біріккен бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндігі бар.

Өткен кезеңдегі мәліметтермен салыстырғандағы қол жеткізген нәтижелер

Магистратура бойынша лицензияланған мамандықтары саны (көрсеткіш 2,1 есе артқан)

Магистранттар контингенті (көрсеткіш 6,5 есе артқан)

PhD докторантура бойынша лицензияланған мамандықтар саны (көрсеткіш 24 есе артқан)

Докторанттар контингенті (көрсеткіш 29 есе артқан)

Болашақ