Ғылыми кеңес

     Қ.И.Сәтбаев атындағы Қзақ ұлттық техникалық университетінің Ғылыми кеңесі – сайланбалы алқалы ұйым. Ғылыми кеңестің өкілетті мерзімі - 3 жыл.
     Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Заңнамаларын, Жоғары оқу орындарындағы Ғылыми кеңес қызметінің типтік ережелерін, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Жарғысын және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Ғылыми кеңесі туралы ережені басшылыққа алады.
     Ғылыми кеңесті университет ректоры басқарады. Ғылыми кеңестің дербес құрамы ректордың бұйрығымен бекітіледі.
     Ғылыми кеңестің құзырына Жарғыны қабылдау, ішкі тәртіп ережелерін қарастыру және бекіту, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешім қабылдау, университеттің жылдық және даму жоспарын қарастыру, Университеттің даму бағдарламаларын жүзеге асыруға байланысты мәселелерді қарастыру, ғылыми зерттеулер жоспарларын бекіту, университеттің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы негізгі мәселелерді қарау, университеттің бір жылдық қызметінің қорытындысын талқылау, оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының есептерін қарау, институттар мен құрылымдық бөлімшелердің қызметі туралы есептерді қарау және университет қызметіне байланысты басқа да мәселелерді қарау кіреді.
     Ғылыми кеңестің мәжілісі айына бір рет бекітілген жоспарға сай өткізіледі.
     Ғылыми кеңес мәжілісінде қаралатын мәселелерді ұйымдастыру, шешімдердің орындалуын бақылау, іс-тәжірибе жинақтап, кеңестің жұмысының нысандары мен тәсілдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар беру үшін Ғылыми кеңес құрамынан ректордың бұйрығымен 3 жыл мерзімге Бас ғалым хатшы тағайындалады.
     Мәжілістерге материалдарды уақытында және сапалы дайындау және Ғылыми кеңестің іс-қағаздарын жүргізу жауапкершілігі Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысына жүктеледі.

Болашақ