Дайындық курстары

     Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да ЖОО түсушілерге арналған дайындық курстары жұмыс істейді. Курстар қазақ және орыс тілдерінде төрт пән бойынша жүргізіледі: математика, физика, Қазақстан тарихы, тіл-қазақ немесе орыс тілі.
     «Сәулет» және «Дизайн» мамандықтарына оқуға тапсырушыларға сурет және сызупәні бойынша курстар ұйымдастырылады.
     Бір топта шамамен 10-12 адам оқиды. Сабақ аптасына 4 рет кешкі мезгілде (сағат 16.30-дан 18.00 дейін) өткізіледі.
       6 айлық курсқа қабылдау қазан-қараша, 4 айлыққа желтоқсан-қаңтар, 3 айлыққа ақпан-наурыз және 2 айлыққа сәуір айларында жүргізіледі. Сабақтар мектептердегі ҰБТ өткізу басталғанға немесе ЖОО-да кешенді тест өткізуге дейін аяқталады. Сабақтарды тәжірибелі оқытушылар – ғылым кандидаттары мен доценттер жүргізеді. Сынақ тестілеу ай сайын өткізіледі.
Бір пәнге төленетін оқу ақысы:

  • - 6-айлық курс – 13000 теңге;
  • - 4-айлық курс – 9000 теңге;
  • - 3-айлық курс – 7000 теңге;
  • - 2-айлық курс – 4500 теңге.

Дайындық курсының тыңдаушыларына пәндерге таңдауы бойынша жазылуына мүмкіндік беріледі.
Дайындық курсына мына мекен-жай бойынша жазылуға болады: Сәтбаев көшесі, 22 үй, Байтұрсынұлы көшесі жағынан, Бас оқу ғимаратының 112 бөлмесі.
292-73-01, 257-70-52.телефондары бойынша да жазылуға болады.

Болашақ