Академиялық мәселелер жөніндегі департамент

   Академиялық мәселелер департаменті университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ол университеттегі оқу-әдістемелік, оқу ісін ұйымдастыру жұмысына жауап береді. Департаменттің басты бағыты – университетте ғылым мен білімді дамыту бағдарламасын, халықаралық стандарттар талаптарын, сыртқы тұтынушылар–мемлекет, қоғам мен жұмыс берушілердің білім бағдарламасы құрылымы мен мазмұнын жетілдіру.
   Департамент міндетіне университеттің болашақ және ағымдағы оқу-әдістемелік үрдісін ұйымдастыру, институттарға әдістемелік көмек көрсету, оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығаруды жоспарлау кіреді. Осы мақсатта кафедралардың оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
   Оқу үрдісін ұйымдастыру жүйесі осылармен қатар студенттер аумағын, ПОҚ штатын қалыптастырумен, оқу үрдісін ұйымдастырумен (академиялық күнтізбе, сабақ кестесі, аттестациялау, емтихан, МАК-ты ұйымдастыру мен өткізу) айналысады. Оқу жылы ішінде департамент оқу үрдісіне мониторинг жүргізеді, оның нәтижелері оқу сапасын жетілдіруге, мамандарды әзірлеу жүйесін жаңартуға, ал олар қазіргі заманғы маман моделін жасауға, индустриямен ынтымақтастықты дамытуға пайдаланылады.
   АМД сондай-ақ оқу орны түлектеріне кәсіби бағдар беру, іс-тәжірибеден өткізу және еңбекке орналастыру жұмысын жүргізеді.

   АкМД мына төмендегі бөлімшелерден тұрады:

  1. Оқу процесін  ұйымдастыру және өндірістік практика бөлімі
  2. Әдістемелік жұмыс және оқу-зертханалық база бөлімі
  3. Сабақ кестесі секторы

Сапаров Әнуар Көптілеуұлы - Академиялық мәселелер департаментінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент
Телефон:(727)257-70-24, e-mail: saparov@ntu.kz

     1971 ж. Мәскеу болат және қорытпалар институтына түсті, содан кейін Қазақ политехника институтына ауысып, оны 1976ж. «Металтану, жабдықтар және металды термиялық өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1976-1978 жж. осы кафедраның сынақтан өтуші-зерттеушісі болды. 1978 жылдан Мәскеу болат және қорытпалар институты аспиранты. 1981 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін металтану кафедрасында аға инженер, оқытушы, доцент, металлургия факультеті деканының орынбасары болып істеді. 1993-1995 жж. университеттің жалпы бөлімінің бастығы, ректор референті болды. 1995-2003жж. конструкциялық материалдар технологиясы мен құю өндірісі кафедрасының меңгерушісі. 2003ж. оқу-әдістемелік департаменті директорлығына тағайындалды. 2008-2011жж. білім бағдарламалары департаментінің, оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің директоры. 2011 жылдың қыркүйегінен Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры.
   Ә.К. Сапаров «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» стандарты мен бірқатар типтік бағдарламаларды әзірлеушілердің бірі, 40-тан астам оқу-әдістемелік және ғылыми жарияланымы бар. Ғылыми мүдде аясы–көп компонентті металл жүйелерінің фазалық тепе-теңдігі мен диаграммалық жай-күйі.
   Университет басшылығы тапсырмасын әлденеше рет орындады: 1994-1998жж. қабылдау комиссиясы жауапты хатшысының орынбасары, жауапты хатшысы, 1986-1989жж. университет ЕХЖ төрағасының орынбасары, екі рет құрылыс отрядының командирі болды.
   «ҚР білім және ғылым саласының құрметті қызметкері», ҚР Индустрия минстрлігінің 2,3 дәрежелі «Еңбек даңқы», ҚазҰТУ-дың «Айрықша еңбегі үшін» және «Үздік түлек», төсбелгілерімен, ректордың құрмет грамотасымен марапатталған.

Тлеужанов Қанат Шөпшекбайұлы - Академиялық мәселелер департаменті директорының орынбасары
Телефон:+7701 733 63 61, e-mail: tileuzhanov_2345@mail.ru

     1969 жылы Қазақ политехника институтын бітіріп «Өндірістегі менеджмент және маркетинг» кафедрасында аға оқытушы-доцент болып жұмыс жасайды.
   1982-1993 ж. Металлургия факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыстар жөнінде орынбасары.
   1987-1991ж. Қабылдау комиссиясы жауапты Хатшысының орынбасары, жауапты хатшысы, металлургия факультетінің партия бюро мүшесі, ӘШБ проректоры.
   «1990-1995ж. Алматы облысының білім және ғылым кәсіподағы комитетінің мүшесі, ҚазҰТУ қызметкерлер кәсіподағы комитетінің мүшесі.
   1997-1999ж. Экономика және басқару факультеті деканының ғылыми жұмысының орынбасары.
   1999-2000ж. Қазақстанның экономика және құқық институтының экономика факультетінің деканы.
    2000-2002ж. Инженерлік экономика институты директорының даму, оқу-әдістемелік жұмыстар жөнінде орынбасары.
    2003-2010ж. ҚазҰТУ колледжінің директоры.
    2014 ж. Академиялық мәселелер департаментінің орынбасары.
    40-тан астам оқу-әдістемелік және ғылыми-жарияланымы бар, соның ішінде 2 авторлық куәлік, 1 патент және 3 электрондық кітәп.
    Еңбек ардагері медалімен, ҚР білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы», Ректордың құрмет грамотасымен және Алматы облысының білім және ғылым кәсіподағы құрмет грамотасымен, Алматы қаласының әкімінің құрмет грамотасымен, ҚазҰТУ-дың «Айрықша еңбегі үшін», «ҚазҰТУ ардагері», «Университет дамуына үлесі үшін тыл белгілерімен марапатталған.

 

 

Хидолда Еркін - академиялық мәселелер департаменті директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөнінде орынбасары.
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент.
     Телефон : 8(727)257-70-55, + 7 702 11 202 11. факс: 292-77-05,
Е-mail: hidolda_e@ntu.kz hidolda_e@ntu.kz

   1996 жылы ҚазҰТУ-ды «Технологиялық кешендердің электр жетегі және автоматтандырылуы» мамандығы бойынша бітірген.
   2000 жылдан бастап, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Электр энергетикасы және технологиялық кешендерді автоматтандырылуы» кафедрасында жұмыс істеген. 2012 жылдың қазан айынан бастап, АМДБ директорының орынбасары қызметін атқарады. Келесіде пәндер бойынша дәріс жүргізеді: «Электр қауіпсіздік негіздері», «Электр аппараттары», «Электрмен жабдықтау», «Электрмен жабдықтау жүйесін есептеу және жобалау».    25-тен көп ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы.


Болашақ