ҚазҰТУ-дың спорт өмірі

    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Алматы қаласындағы студенттік спорт орталықтарының бірі.
    Университеттің спорт жұмысын Спортклуб жүзеге асырады, Спортклуб төрағасы– КСРО-ның көркем гимнастика бойынша спорт шебері Лактионова В.А. 28 спорт секциясы жұмыс істейді, ұлттық жоғары және халықаралық судья санатындағы жаттықтырушылар еңбек етеді.
    Дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі –Еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО жарыстарының жеңімпазы, еуропа, әлем кубоктарының иегері, Халықаралық санаттағы төреші, жаттықтырушы, профессор – Сауранбаев Ж.Н.
    Университетімізде атақты еңбек сіңірген спортшылар жұмыс істейді , олар: қазақша күрестен ҚР спорт шебері – Талип Б.Т. КСРО-ның спорттық бағдар бойынша спорт шебері – Чивжель В.А. КСРО мен ҚР-ның ауыр атлетикадан спорт шебері Акмалиев А.Ж. Самбошы, жаттықтырушы – Келгенбаев Е.К. Еркін күрестен – Көкебаев Р.С. Жеңіл атлетика бойынша орташа қашықтықта – Уразбаев Т.Р. Волейболдан Мехико Олимпиадасының жеңімпазы, Еуропа мен КСРО-ның спорт шебері – Кравченко В. И. Поддубный атындағы классикалық күрестен жарыстың алтын медаль иегері, Мехикодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, классикалық күрестен КСРО-ның спорт шебері – Бакулин В. Волейболдан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері – Жаркешев З. Еркін күрестен КСРО-ның жеңімпазы – Габсаттаров А. Эверестті бағындырушы – Валиев К., Ильинский З. Баскетболдан Еуропа мен КСРО-ның жеңімпазы – Мадисон Г. Волейболдан Еуропа мен КСРО-ның жеңімпазы – Бычковский Б., Кулаков В. Дзюдодан ҚР мен КСРО-ның жеңімпазы Ботчаев Г. Самбодан спорт шебері – Омаров Т. және т.б.
    Спорт айбынын абыроймен жастар арасындағы сайыс бойынаша Әлем чемпиондары асыруда: 2008 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері , халықаралық спорт шебері - Эльмир Алимжанов. Муай -тайдан әлем чемпионы, 2003 жылғы Еуропаның ашық чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері – Бисембай Р. Каратедан ҚР чемионы, халықаралық спорт шебері – Гаухар Орымхан. Бокстан ҚР құрамасында, 2005 жылғы ҚР III жазғы Универсиадасында II орынды иеленген Сыдыков Камильжан. 2008 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, халықаралық спорт шебері – Алимжанов Эльмир және т.б.
    Соңғы бес жылда университетіміздің абыройын келесі студенттер асқақтатып жүр:
    Жайнақов Даурен - ИВТиУР 2 курс магистранты, дэюдодан халықаралық спорт шебері, бүкіл әлем студенттері арасында самбодан қола жүлдегер. Ткачева Анна – ИГиНГД 2 курс магистранты, спорттық бағдарлау бойынша спорт шеберi, 2004 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ұлттық команда құрамында. Сызаев Болат – ИГиНГД 1 курс магистранты, 2013 жылғы VI жаздық Универсиаданың самбодан қола жүлдегері. Лопатько Наталья – ИПИ 1 курс суденті, спорттық бағдарлау бойынша IV,V,VI,VII қысқы Универсиадалардың жүлдегері. Нұрахмет Алмас – ИВТиУР 4 курс студенті, IV,V,VI,VII қысқы, жазғы Универсиаданың жеңімпазы. Конуспаева Лейла –ИСиА 2 курс студенті, самбодан 2012 жылғы Азияның, 2012 жылғы ҚР ересектер арасындағы, 2013 жылғы VII жаздық Универсиаданың қола жүлдегері. Мейрхан Даурен – ИАиС 2 курс студенті, 2013 жылғы VII жаздық Универсиаданың греко-рим күресінен қола жүлдегер. Игисинова Айым – ИГиНГД 3курс студенті, 2013 жылғы VII жаздық Универсиаданың дзюдодан қола жүлдегері. Абишев Ертелеу – ГМИ 2 курс студенті, 2013 жылғы VII жаздық Универсиаданың қазақша күрестен күміс жүлдегері. Утеева Айда - ИГиНГД 3 курс студенті, 2013 жылғы VII жаздық Универсиаданың дзюдодан қола жүлдегері. Мушкетова Анастасия – ИСиА 1 курс студенті, ҚР көркем гимнастикадан спорт шебері, 2012,2011,2012жж. көркем гимнастикадан топтық жаттығулардың жеңімпазы, Алғазы Нұрсұлтан – ИАиС 1 курс студенті, дзюдодан, қазақша күрестен ҚР спорт шеберіне үміткер, 2011,2012 жж. қазақша күрестен қола жүлдегер, 2012 жылғы Талдықорғандағы дзюдодан халықаралық сайыстың жеңімпазы. Аккулиева Зухра – ИПИ 1 курс студенті, дзюдодан ҚР спорт шебері, 3 дүркін Азия ойындары жеңімпазы, Еуразиялық ойындардың жеңімпазы, ҚР 6 дүркін жеңімпазы. 2013 жылғы VII-жазғы Универсиадада ҚазҰТУ (71 команданың ішінен) 9 орынды иеленді.
    Универсиада жеңіпаздары:

  • Спорттық бағдарлау бойынша қыздар командасы 2 орынды иеленді, жаттықтырушысы Чивжель В.А.
  • Спорттық бағдарлау бойынша ұлдар командасы 3 орынды иеленді, жаттықтырушысы Чивжель В.А.
  • Жағажайлық футбол бойынша 2 орынды иеленді, жаттықтырушысы Сейлов Б.А.
  • Президенттік көпсайс бойынша 3 орынды иеленді,, жаттықтырушы Деветьяров И.С.

    Спортклубта дәстүрлі жарыстар: «Денсаулық» спартакиадасы, 8 наурызға арналған "Қарлығаш" спартакиадасы, институтаралық "Жастар" спартакиадасы өтеді. Студенттер қалалық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысады.

Болашақ