Қабылдаудың Үлгі ережесі

Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрінің
  2008 жылғы 1- сәуірдегі 
№ 161 бұйрығымен бекітілген

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың  Үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың Үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдарына сәйкес әзірленді. 
2. Ереже азаматтарды Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантурасына қабылдаудың тәртібін айқындайды.
3. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистранттардың, резиденттердің, адъюнкттардың және докторанттардың контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындауға (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің білім беру ұйымдарында мамандарды даярлаудан басқа) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сонымен қатар азаматтардың өз қаражаттары және басқа да көздері есебінен оқу ақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады. 
Басқа мемлекеттің азаматы болып табылатын қазақ ұлтының тұлғалары және Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде ақысыз жоғары оқу орнынан кейінгі білім ала алады.
Басқа шетелдік азаматтар жоғары оқу орындарына және ғылыми ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады. 
4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне (Қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясына ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының магистратура, адъюнктура және докторантурасына азаматтарды қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті органымен келісілген жеке нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді. 
5. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. 
6. Жоғары оқу орны және ғылыми ұйым құжаттарды тапсыру мерзімге дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға қабылдауды дайындау мамандықтарды көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды. 
7. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсушілердің өтінішін қабылдау 1-30 шілде аралығында өткізіледі.
Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау - 31 тамызға дейін өткізіледі. 
8. Магистратура, резидентура, адъюнктураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар жоғары білім беру пәндері бойынша үлгі бағдарламалардың негізінде қалыптастырады. 
Докторантураға түсу емтихандарының бағдарламаларын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар магистратураның кәсіби оқу бағдарламаларының негізінде қалыптастырады.
2. Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші тұлғаларды қабылдау тәртібі
9. Магистратура, резидентура, адъюнктураға жоғары білім беру кәсіби оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады. 
10. Магистратура, резидентура, адъюнктураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдарға келесі құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) жоғары оқу орнын бітіргендігі туралы нотариальды куәландырылған құжат көшірмесі, интернатурада оқығандығы туралы құжат (резидентураға түсу үшін); 
3) бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке парағы және нотариальды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
4) 3,5x4,5 көлеміндегі алты фотосурет;
5) 086 -У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;
6) жеке куәлігінің көшірмесі;
7) бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстарының тізімі;
8) ақылы негізде түсушілердің оқу үшін шығыстар төлемақысын және шартқа отыруды кепілдендіретін хат;
9) қосымша құжаттар;
10) құжаттар тізімдемесі.
Берілген құжаттар тізбесі осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген ұйымдардың ережесінде толықтырылуы мүмкін. 
11. Докторантураға: 
1) «магистр» академиялық дәрежесі бар;
2) ғылым кандидаты атағы бар тұлғалар қабылданады.
12. Докторонтураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдарға келесі құжаттарды тапсырады:
1) ұйым басшысының атына өтініш;
2) зерттеу тақырыбы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде автореферат нысанындағы негіздеме;
3) жеке куәлігінің көшірмесі; 
4) білімі және/немесе ғылым кандидаты туралы нотариальды куәләндырылған құжаттар көшірмесі;
5) бар болған жағдайда ғылыми және ғылыми - әдістемелік жұмыстарының тізімі;
6) 086-У нысанындағы медициналық анықтама қағазы;
7) бар болған жағдайда кадрлар есебі бойынша жеке қағазы және нотариальды куәләндырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
8) басқа оқу орындарында, аспирантурада оқығандығын куәләндыратын құжаттар көшірмесі; 
9) ақылы негізде түсушілердің оқу үшін шығыстар төлемақысын және шартқа отыруды кепілдендіретін хат;
10) қосымша құжаттар;
11) құжаттар тізімдемесі. 
3. Түсу емтиханын өткізудің тәртібі
13. Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші азаматтар түсу емтихандарын тапсырады:
 1) бір шет тілі бойынша (ағылшын, француз, неміс); 
 2) мамандық бойынша.
14. Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын тапсырады:
1) қазақ немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);
2) мамандық бойынша.
15. Басқа шет тілдері (араб, қытай, түрік, жапон тілдері және басқалар) бойынша және басқа нысанда (ауызша, жазбаша) емтихан тапсыру туралы мәселе білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясымен шешіледі және жеке тәртіпте қаралады. 
16. Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсу емтиханын өткізу мерзімінде жоғары оқу орнында және ғылыми ұйымда қабылдау және мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады. 
17. Қабылдау комиссиясының төрағасы жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.
18. Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясы берілген аймақтағы жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардағы мамандықтарға сәйкес жоғары білікті ғалымдардың санынан құралады.
Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы төрағадан және үш мүшеден тұрады, оның ішінде екеуі ғылым докторы, қалғандары мамандық бейіні бойынша ғылым кандидаттары болуы қажет. 
Мамандықтар бойынша емтихан комиссиясының құрамы жоғары оқу орындары немесе ғылыми ұйымдары басшысының бұйрығымен бекітіледі.
19. Шет тілі, қазақ және орыс тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік білім беру стандарттары мен тестілеудің ұлттық орталығы әзірлеген технология бойынша тапсырылады.
20. Түсу емтихандарды қайта тапсыруға жіберілмейді.
21. Түсу емтихандарының қорытындыларымен келіспеген азамат апелляцияға беруіне болады. 
Осы мақсатта апелляциялық комиссия екі түрде құрылады: шет тілі, қазақ және орыс тілдері және мамандық бойынша.
4. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау 
22. Магистранттар, резидентттер, адъюнкттар және докторанттар қатарына қабылдауды қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. 
23. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау түсу емтихандарының қосындысында шет тілі және мамандық бойынша кемінде 8 балл (әр пән бойынша білімді бағалаудың 4 баллдық шкаласы бойынша) жинаған тұлғалар жіберіледі.
24. Конкурстық баллдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда мамандық бойынша, шет тілі, қазақ және орыс тілдері бойынша ең жоғары баға алған азаматтар қабылдау кезінде басым құқыққа ие болады. Содан кейін тиісті ғылыми мамандығының бейіні бойынша ғылыми жетістіктері ескеріледі. 
25. Жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдар, жеке меншік нысанына қарамастан, білім беру саласындағы уәкілетті органға он күндік мерзім ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сонымен қатар магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторонтураға қабылдау туралы бұйрықтар көшірмелерін ұсынады. 

Болашақ