Әскери кафедра туралы

      Университет түлектеріне әрбір егеменді елдің азаматы үшін негізгі мамандық - Отан қорғаушы мамандығын беретін әскери кафедраның (әскери істері институтының) Қазақ ұлттық техникалық университеті ондаған кафедралары мен факультеттерінің арасында алатын орны ерекше.
      Қазақ тау-кен институты (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) әлемде соғыс басталу қауіпі қатаң шындыққа айналған жылдары болған жылы құрылды және осыған байланысты сол кезеңде азаматтық оқу орындарында әскери мамандарды дайындау аса маңызды болды.
Институт құрылуының бірінші күнінен бастап, оқытушылар және қызметкерлер жалпы білім бағыты бойынша негізгі мамандықтарымен қатар әскери істі де меңгерді. 1940 жылы институт қабырғасында аса жоғары деңгейде әскери мамандарды дайындаумен қамтамасыз ету мақсатында әскери істері кафедрасы ұйымдастырылды.
       Соғыс алдындағы жылдары Қазақ тау-кен институтындағы әскери-патриоттық белсенді жұмыстардың нәтижесінде жоғары білімді запастағы 355 офицерлер даярланған болатын, ол сол жылдар үшін өте жоғары көрсеткіш болатын.
       Ауыр соғысы жылдары институттың әскери істер кафедрасы әскери мамандарды дайындауда ұста шеберханасындай болды. Тек 1944 жылдың өзінде институт қабырғасында 1499 әскери мамандар дайындалды. Олардың арасында:
- кіші танкис-командирлері - 22 адам.
- кіші автоматчик-командирлері – 84 адам.
- гранатаатқыштар – 302 адам.
- Қол күресінің шеберлері – 70 адам.
- радист-телеграфистер - 116 адам.
- радист-операторлар – 328 адам.
- шаңғышы жауынгерлер – 337 адам.
- полярлық-саперлер – 50 адам.
- жетілдендірілген атқыштар – 190 адам.
      Әскери кафедраның құрылған жылынан бері толығымен алғанда 27 мың шамасында запастағы офицерлер дайындалды. 1946 жылдан 1991 жыл аралығында әртүрлі әскери мамандықтарды қоса алғанда - 21544 запастағы офицерлер шығарылды. 1992 жылмен 2002 жылды қоса есептегенде - 4378 адам шығарылды.
     Соғыс жылдарынан соң 1952 жылы әскери істер кафедрасы институттың әскери кафедрасы болып өзгертілді. Әскери кафедраның бірінші бастығы болып генерал-майор Касаткин Николай Степанович тағайындалды. Сол уақыттан бастап, әскери кафедра артиллерия бөлімшелері үшін запастағы офицерлерді дайындауды бастады, 1961 жылдан бастап әскери кафедра танкіге қарсы бөлімшелер үшін запастағы офицерлерді, 1971 жылдан - Әуе шабуылына қарсы қорғаныс үшін офицерлер, ал 1978 жылдан - жер үсті артиллериясына инженерлерді дайындауды бастады.

     Қазіргі таңда әскери кафедраның жүздеген түлектері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімше командирлері және мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін күшейтуде жүктелген жауапты тапсырмаларды абыроймен орындауда. Мыңдаған студенттер әскери кафедра қабырғасында салмақты әскери мамандықты игеруде және Қазақстан армиясының офицерлік кадрлар қатарын толтыруға дайын, ал, Қ.Т.Меңаяқов, А.Г.Сивицкий, Д.Б.Жақсыбаев, В.Д.Алексеев, В.Д.Зайцев сияқтылар өз әскери кафедрасының оқытушы құрамын толықтырды.
      Егеменді мемлекетіміз – Қазақстан Республикасы және оның Қарулы Күштерінің құрылуы байланысты Қазақ ұлттық техникалық университеті әскери кафедрасы ұжымының алдына ерекше жауапты тапсырма қойылды.
      Советтік Социалистік Республикалар Одағы ыдыраған соң мемлекеттің Қарулы Күштері үшін запастағы офицерлік мамандарды дайындаудың бірыңғай жүйесі де ыдырады. Шындық былай болды, Қазақстан Республикасы армиясының артиллерия бөлімшелеріне, ӘШҚҚ әскеріне офицер кадрларын және РАҚЖ қызметінің мамандарын дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны Қазақ ұлттық техникалық университетінің әскери кафедрасы болды.
      Әскери кафедрада кәсіби дайындықтың деңгейін айтарлықтай көтеруге мүмкіндік беретін, студенттерді конкурспен қабылдауды енгізу туралы шешімнің қабылдануы Болашақ Отан қорғаушыларды сапалы дайындаудың жаңа қамының көрінісі болып табылады.
      Осы барлық факторлар әскери кафедра ұжымы қызметін аса маңыздылығымен толықтыра түседі және университеттің алдағы болатын мерейтой күндерінде өз жұмысын сынай бағалауға, сондай-ақ келешек даму перспективасын жобалауға мүмкіндік береді.

  Әскери кафедрада мемлекеттік тілді оқыту және енгізу бойынша үлкен жұмыс атқарылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 «Тілдерді қолдану және дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2001 жылғы 17 сәуіріндегі № 5 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар туралы» Директивасына сәйкес топтар құрылып, мемлекеттік тілді оқыту бойынша сабақтар жүйелі түрде жүргізілуде, Жалпы әскери және тактикалық дайындық бойынша сабақтарды мемлекеттік тілде өткізу үшін әдістемелік құжаттарды жетілдіру жұмыстары басталған.

 

Болашақ