Қамқоршылар кеңесі

     2009 жылдың 29-желтоқсанында Ғылыми кеңестің кеңейтілген мәжілісінде Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже ресми түрде бекітілді және Қамқоршылық кеңесі жұмысына қатысқысы келетіндердің тізімі  ұсынылды.
     Қамқоршылық кеңесі –стратегиялық мақсаты мен  міндеттерін айқындайтын,  сенім, ашықтық,  еріктілік  және алқалық қағидалармен жұмыс істейтін  университетті басқарудың қоғамдық органы.
     Қамқоршылық  кеңесі туралы Ереже  қамқоршылық кеңес қызметінің типтік ережесіне және Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының  44-бабы 9-тармағына сәйкес жасалды.

Негізгі  мақсат

     Қамқоршылық  кеңесінің негізгі мақсаты:

  1. ҚазҰТУ-ды дамытудың көкейтесті міндеттерін  шешу;
  2. Университетті міндеттерді қазіргі талапқа сай шеше алатын,  жоғары білікті мамандар даярлайтын  орталық ретінде қалыптастыру.
  3. Аса жаңа ақпараттық және педагогикалық технологияны енгізу, отандық және халықаралық білім мен ғылыми-қолданбалы қызмет рыногында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттер

  1. Университеттің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына ықпал ету;
  2. Университеттің  білім үрдісін жетілдіруге,  білім сапасын арттыруға, оқу-материалдық және техникалық базасын жақсартуға қатысу;
  3. Университеттің  қаржы, материалдық және қолдаудың басқа түрлерін жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіру, қызметі мен дамуын қамтамасыз ету үшін қосымша ресурстарды тарту;
  4. Білім үрдісіне қатысушылар құқығының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру.

Қамқоршылық кеңесінің функциялары

  1. Университет  миссиясын анықтауға, даму стратегиясын бекітуге қатысады, дүркін-дүркін қызметін бағалауды жүргізеді.
  2. Қамқоршылық  кеңесі қоры қаражатын жұмсау бойынша қоғамдық бақылау жүргізеді.
  3. Еңбек рыногы дамуын ескере отырып, ғылыми-техникалық кадрларды,  мамандарды  даярлаудың болашақ бағыттарын ұйымдастыруға және айқындауға ықпал жасайды.
  4. Оқытушылық жұмысты жүзеге асыру үшін шетел мамандарын тартады, университеттің халықаралық, ғылыми, техникалық, мәдени байланыстарын қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі.
  5. Қаржыландыруға және мамандар даярлаудың сапасын арттыруға жағдай тудыратын келелі бағдарламаларды  жүзеге асыруға көмек көрсетеді және университеттің ғылыми- техникалық әлеуетін салалық аумақтарға  ықпалдастыруға ықпал жасайды.
  6. Жетім студенттерге, қамқорлықсыз қалған студенттерге әлеуметтік көмек көрсетеді.
  7. Университетті бітірушілердің еңбекке орналасуына ықпал етеді.
  8. Іргелі, қолданбалы ғылыми-техникалық жаңалықтарды дамытуға және енгізуге, оқу мен ғылыми үрдістерді ықпалдастыруға, қоғамдық ақпараттық және көрме жұмысын жүзеге асыруға ықпал етеді.

 

 

Болашақ