Жаңа мүмкіндік-ШЫҰ магистратура бағдарламалары

ШЫҰ университеті: ынтымақтастықтың жаңа ҚазҰТУ – ҰЗТУ «МБжБИ» және ҚазҰТУ – РХДУ бағыттары

     Білім бағдарламасын табысты iске асыру мақсатында Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға ХЖООКБИ “Excellence PolyTech” жұмыс істейтін Айдарова С.Б., Нәрібаев М.К., Байсымақова Ф.С., А.Бүркiтбаев атындағы Өнеркәсiптiк инженерия институтының “Cтанокжасау, материалтану және машинажасау өндiрiсiнің технологиясы” кафедрасынан Сейітқұлов А.Р., Смағұлов Д.Ұ және Жоғары технология және бірқалыпты даму институтының “Қолданбалы экология” кафедрасынан Ошақбаев М.Т. Ресей Халықтар Достастығы университеті және «МБжБИ» Ұлттық технологиялық зерттеу, ШЫҰ әріптес университеттері өкiлдерiн, белгiлi ғалымдарын дәрiс оқуға шақырып, арнайы курс ұйымдастырды.
     Мәскеу болат және балқыма институты Инжиниринг орталығының директоры, құю үрдіс технологиясы кафедрасының меңгерушiсiнiң орынбасары, профессор, тех.ғыл.д. Николай Александрович Белов «Станокжасау, материалтану және машинажасау өндiрiсінің технологиясы” кафедрасы базасында 31 қазаннан 16 қарашаға дейiн дәріс оқу курсын өткiздi. Ғалымның дәрiстер тақырыбы фазалық құрам мәселелерiне және алюминий балқымаларының қасиеттерiне, құрылымына арналған.
     Биыл 2-17 қарашада Ресей Халықтар Достастығы университетінің белгiлi экологы, Қолданбалы экология кафедрасының профессоры, геол.-минер.ғыл.д., профессор Александр Петрович Хаустов Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының Қолданбалы экология кафедрасы базасында дәрiстер курсын өткiздi. Оның дәрiсi экологиялық қауiпсiздiктi басқаруға арналған.
     Бұл оқулар ҚазҰТУ-да «Нанотехнология» және «Экология» бағыттары бойынша ШЫҰ университеттiң бiлiм беру бағдарламаларының шеңберiнде ұйымдастырылды.
     Ғалымдардың келу сапары барысында Мәскеу болат және балқыма институтының Ұлттық зерттеу технологиялық университеті және Ресей Халықтар Достастығы Университеті мен ҚазҰТУ арасындағы iскерлі байланыс мәселелері талқыланды. Дәріс курсының аяқталуы бойынша тыңдаушыларға салтанатты жағдайда сертификаттар тапсырылды.
     ҚазҰТУ-ға көрсетілген кафедраларының өкілдерімен «МБжБИ» Ұлттық технологиялық зерттеу және РХДУ ғалымдары сапар барысында ШЫҰ университетін істестікті дамыту талқыланды.
     Жақсы дәстүр бойынша профессорлар Н.А.Белов пен А.П.Хаустов төменде өз пiкiрлерiн қалдырды.

«Құю үрдісі технологиясы» кафедрасының профессоры Белов Н.А., «МБжБИ» ҰТЗУ, Мәскеу:

     Жаттығу сабақтары өте жақсы ұйымдастырылған, ССжМТ кафедрасының магистранттары, докторанттары мен оқытушылары үлкен қызығушылықпен тыңдады.
     ССжМТ кафедрасының профессоры Д.У.Смағұлов жылы қабылдады және барлық жағынан қолайлы жағдай тудырғанына ерекше ризашылығымды білдіремін.
     ШЫҰ университетінің кафедра меңгерушiсi М.К.Нәрiбаевпен кездесу пайдалы болды, кездесу шеңберiнде алдағы шаралар туралы хаттама даярланды. ШЫҰ университет шеңберіндегі «Нанотехнология» бағыты бойынша «Материалтану және алюминий балқымаларының технологиясы» жаңа магистерлiк бағдарламасын жасауға ерекше көңіл бөлiндi.
     Ректор Ж.М.Әдiловтың шақырылған профессорлармен кездесуiн ерекше атап өту керек.

Рахмет!
16.11.2012

РХДУ, Қолданбалы экология кафедрасының профессоры Хаустов А.П., Мәскеу:

     Қолданбалы экология және экологиялық қауiпсiздiк бойынша үлкен құрметпен дәрiс курсын оқыдым. Кафедраның студенттері, аспиранттары, докторанттары мен оқытушылары үлкен ықыласпен тыңдады. Кездесудi ұйымдастыру жағынан оқу үрдісінің биiк деңгейiн атап өтемін. Қолданбалы экология кафедрасының қызметкерлерiмен жемiстi байланыстар жасалды. Алдағы жоспарымыз – инженерлiк экология бойынша бiрлескен оқулықтар шығару, өздiгiнен бiлiмді жетілдіру және жаңа технологиялар ойлап табу.
     P.S. ШЫҰ университеті аясындағы алдағы кездесулерге шын ықыласыммен келемiн.

ХЖООКБИ, «Excellence PolyTech» ШЫҰУ кафедрасы

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің бағдарламасы бойынша оқитын магистранттары: Дария Жүнісбаева, Аида Есентаева.

     Біз ҚазҰТУ-да қабырғасында оқып жүріп ШЫҰ желілік Университеті (ШЫҰУ) арқылы оқуымызды РХДУ-да жалғастырып жатырмыз. ШЫҰУ бағдарламасы – ҚазҰТУ магистрантттарына Ресейдің университеттерінде «Экология», «Энергетика», «Нанотехнология», «IT-технология» бағыттары бойынша оқуларын жалғастыруға мүмкіндік береді.
     ШЫҰУ бағдарламасының арқасында біз Ресейдің жетекші жоғары оқу орнының бірінде «Экология» бағыты бойынша оқуымызды жалғастырып жатырмыз. Бұл бағдарламаның басымдықтары өте жоғары. Магистранттар ҚазҰТУ-да оқып жүріп  оқуын серіктес ЖОО-да жалғастыра алады. Оқуды аяқтағаннан кейін магистрант ҚазҰТУ дипломын, серіктес ЖОО-нын аяқтағаны жөніндегі құжатын және ШЫҰУ сертификатын алады. Бұл сертификат иесі ШЫҰ-ның барлық елдерінде жұмыс істей алады.
     Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнының бірі – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің магистранты бола отырып, біз оқуымызды шетелде жалғастыра алдық.
     Егер сіз жақсы білім алғыңыз келсе, басқа елдерді көргіңіз келсе, жаңа достар тапқыңыз келсе, онда ШЫҰУ магистратурасын таңдаңыз, «Политех»-қа оқуға түсіңіз!

 

 

Болашақ