Бакалавриат мамандықтары

      Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті 47 бакалавриат мамандығы бойынша мамандар даярлайды.
     Университетте Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық аккредитациялау орталығының №1 сертификаты бар.
     ҚазҰТУ ABET (АҚШ), ASIIN (Германия) және АИОР(Ресей) аккредитациялау агенттіктеріндегі техника және технология бойынша 21 мамандықтан Халықаралық аккредитациялаудан өтті.
     Сонғы 5 жыл ішінде университеттің білім беру ісінде бакалавр мамандықтарының саны 40-тан – 47-ге дейін өсті.

     2009 жылы универсиет қолдауымен ҚР БжҒМ жіктеліміне енгізілген 3 мамандық ашылды. 2011 жылы жаңа 5В075200 - Инженерлік жүйелер және желілер мамандығы ашылды.
     Бакалаврлар академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жыл сайын АҚШ, Франция, Италия, Ресей, Португалия, Польша, Корея, және Малайзия елдеріндегі алдыңғы қатардағы университеттерінде оқиды. Қайта құрылған мамандықтар Қазақстанның үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасына орай қажетті болып саналады.

ҚазҰТУ-дағы бакалавриат мамандықтарының тізімі

Мамандық
шифры
Институттар мен
мамандықтар атауы
4- тестілеу
пәні
Бейіндік
пән
Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнайгаз институты
5B070600 * Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау физика математика
5В070800 * Мұнай-газ ісі физика математика
5В072100 Органикалық заттардың химиялық технологиясы химия химия
Ө.А. Байқоңыров атындағы Таукен-металлургия институты
5В070700 *Тау – кен ісі физика математика
5В070900 Металлургия физика математика
5В071100 * Геодезия және картография география математика
5В072000 Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы химия химия
5В072400 * Технологиялық машиналар және жабдықтар
(сала бойынша)
  • Тау-кен өндірісі мен металлургиядағы технологиялық машиналар және жабдықтар;
  • Металлургия өндірісінің технологиялық машиналары және жабдықтары;
  • Мұнай-газ өндірісінің технологиялық машиналары және жабдықтары.
физика физика
5В073700 * Пайдалы қазбаларды байыту химия химия
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты
5В060200 *Информатика физика математика
5В070200 Автоматтандыру және басқару физика математика
5В070300 * Ақпараттық жүйелер физика математика
5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету физика математика
5В070500 Математикалық және компьютерлік моделдеу физика математика
5В071600 Аспап жасау физика математика
5В071900 * Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар физика математика
5В100200 Ақпараттық қауіпсіздендіру жүйесі физика математика
А.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты
5В071000 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы физика физика
5В071200 Машина жасау физика математика
5В071300 * Көлік, көлік техникасы және технологиялары физика     математика
5В072200 Полиграфия физика физика
5В073200 * Стандарттау, метрология және сертификаттау физика математика
5B073800 Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы физика математика
5В090100 * Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен
тасымалдауды ұйымдастыру
физика математика
Т.Басенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
5В042000 ** Сәулет 2-шығар. емтихан 1-шығар. емтихан
5В042100 **Дизайн 2-шығар. емтихан 1-шығар. емтихан
5В072900 * Құрылыс физика математика
5В073000 Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және
конструкцияларын өндіру
физика математика
5В073100 * Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік ету қауіпсіздігі физика математика
5В075200 Инженерлік желілер мен жүйелер физика математика
5В080500 * Су ресурстары және суды қолдану география география
5В090300 * Жерге орналастыру география математика
5В090700 Кадастр география география
Экономика және бизнес институты
5B050600 *Экономика география математика
5B050700 *Менеджмент география математика
5B050800 * Есеп және аудит география математика
5B050900 Қаржы география математика
5B051000 * Мемлекеттік және жергілікті басқару география математика
5B051100 * Маркетинг география математика
5B090800 Бағалау география математика
5В090900 Логистика (сала бойынша) география математика
Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты
5В012000 * Кәсіптік оқыту физика математика
5В060800 *Экология биология биология
5В070100 * Биотехнология биология биология
5В071800 * Электр энергетикасы физика математика
5B072300 Техникалық физика физика физика
5В074600 Ғарыш техникасы және технологиялары физика физика

 * Ауылдық квота
** оқу мерзімі 5 жыл

 

Біздің мекен жайымыз: 050013, Алматы қаласы,
Сәтбаев көшесі, 22, Мұнай ғимараты, 408 бөлме.
Кәсіптік бағдар, практика және жұмысқа орналастыру бөлімі
Тел: 8(727) 292-79-88, 257-70-52
E-mail: reccom@ntu.kz

Болашақ