Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаменті

Миссиясы

Құрылым

  Университеттің халықаралық ынтымақтастық қызметі сыртқы байланыстарды және әлемдік білім аумағындағы жан-жақты біріктіру мақсатында білім және ғылым қызметін жетілдіруге бағытталған.
  Университеттің халықаралық қарым-қатынасының елеулі тарихы бар. Университет құрылғаннан бастап ең алғаш Шығыс Еуропа және Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас орнатылған болатын.
  КСРО жоғары және орташа арнаулы білім министрлігі Казақ политехникалық институтының жоғарғы рейтингі шетелдік мамандарды даярлауға лайықты екенін анықтап берді.
  Бүгінгі таңда ҚазҰТУ-да Қытайдан, Монғолиядан, Вьетнамнан, Мысырдан, Ираннан, Ресейден, Беларустан, Украинадан, Өзбекстаннан, Түркменстаннан, Тәжікстаннан, Қырғызстаннан, Ауғаныстаннан, Әзірбайжаннан 255 шетел азаматы білім алуда. 1978 жылы университет жалпы сыртқары және таяу 43 мемлекеттің 621 маманын даярлап шығарды.
  Халықаралық ынтымақтастық саласында маңызды оқиға деп «Magna Charta Universitatum» университеттердің Ұлы хартиясына (Болонья қ-сы, Италия) қол қою, Еуропалық жоғары білім (2004), Америка білім консорциумы (2005), ТМД елдерінің қатысуымен жоғарғы оқу мекемелерінің халықаралық мемлекеттік ассоциациясы (2008), Шанхай университетер ассоциациясы (2009), Халықаралық университеттер ассоциациясы (2010), Еуропа университетері ассоциациясы (2011), Тәуелсіз мемлекеттер достастығының желілік университет Консорциумы аумағына енуін айтуға болады.


  Университет базасында Халықаралық ынтымақтастық және ғылым саласындағы шетелдік тәжірибені енгізу мақсатында Қазақстан-Корей ақпараттық - коммуникациялық технологиялар оқу орталығы, энергетика, электротехника және автоматтандырылған жүйелерді техникалық күту саласында Schneider Electric Қазақ-Француз білім беру орталығы, «ҚазҰТУ-SIEMENS» автоматтандырылған жүйе саласындағы Қазақ-Неміс ғылыми-тәжірибелік және білім беру орталығы, «ҚазҰТУ-Apple» ғылым-білім орталығы, «ҚазҰТУ- HEWLETT-PACKARD» технологиялық білім-ғылым орталығы және ҚазҰТУ-дағы IBM құзыреті академиялық орталығы жұмыс істейді.
  Халықаралық ынтымақтастық аумағында университеттің білім беру сапасы жыл сайын жоғары бағаланып келеді. Ғылыми-инженерлік кадрларды даярлауда білім сапасын жақсартып, университетті қалыпты дамытқаны үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға Gold категориясындағы International Star Award сыйлығы берілді, ал 2007 жылы сапа конвенциясы бойынша (Лондон) университетке «International Quality Crown» Халықаралық сыйлығы ұсынылды. Сонымен қатар университет базалық өлшемдер бойынша «QS World University Rankings» (Ұлыбритания) рейтингінің лайықты бағасын алды.
  Университет әлемнің 22 елін құрайтын Еуропа, Азия және Американың 150 университетімен, ұйымдарымен және ғылыми орталықтарымен қарым-қатынас орнатып отыр. ҚазҰТУ әлемнің жетекші ЖОО-мен бірге қос дипломды бағдарламамен жұмыс істейді.
  Қазіргі таңда халықаралық саласы университеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Олар:

  • •шетелдік ұйымдармен және білім орталықтарымен қарым-қатынас орнату және дамыту;
  • •академиялық алмасуды дамыту;
  • •білім беру және ғылым саласын қазіргі әлемдік талаптар деңгейіне сәйкестендіру;
  • •университеттiң халықаралық жобаларға және бағдарламаларға қатысуын жүзеге асыру;
  • •шетелдiк ЖОО-ның тәжірибесін зерттеу және енгізу.
Болашақ