Әкімшілік департаменті

    Әкімшілік департаменті Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
   Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен нормативтік-құқықтық актілерін, университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін басшылыққа алады.
   Әкімшілік департаменті кадрларды іріктеу және дұрыс орналасуын жақсарту, қызметкерлердің біліктілігін жетілдіруге жағдай жасау, жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыру, университет қызметкерінің кадрлық мансабының өсуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша университет құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді.
   Құжат айналымы кілемі мен құжаттармен жұмыс технологияларын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының еңбек заңдары аясында құжаттардың өз уақытында орындалуын қамтамасыз ететін бірыңғай жұмыс тәртібін белгілейді.
   Департамент жұмысының негізгі бағыттары  мыналар болып табылады:

  • Университеттің даму стратегиясына сәйкес кадрлар саясатын қалыптастыру және оны жүзеге асыру шараларын анықтау.
  • Университеттің басқару процесінің тиімді жүйесін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
  • Университет қызметін құқықтық қамтамасыз ету және оның құқықтық мүдделерін қорғау.
  • Іс жүргізу мәселелері бойынша Университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жалпы ұйымдастыру және оны үйлестіру.
  • Университеттің мұрағат қорындағы құжаттар есебі мен сақталуын қамтамасыз ету. 
  • Университет қызметкерлері мен білім алушыларының әскери есебін ұйымдастыру.
  • Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің әкімшілік қызметін әдістемелік-ұйымдастыруға басшылық ету.

   Департамент құрамына қызметтің негізгі бағыттары бойынша бөлімдер кіреді. 

  Қызметкерлерді басқару бөлімі (Бастығы - Әлиасқаров Н.Қ., тел.:257-70-20)
  Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (мұрағатты қосқанда) (Бастығы - Ақжанова Н.А., тел.: 292-60-25)
  Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі (Бастығы - Мұқашев Қ.З., тел.: 292-56-15)
  Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы (Бастығы - Ақаев С.Т., тел.:257-72-03)
  Әскери есепке алу секторы (Сектор меңгерушісі - Зуева О.В., тел.:292-77-97)
  Секретариат

   Тұрмағамбетова Күләш Уәлиқызы - Әкімшілік департаментінің директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент.
   Мекен-жайы: Сәтбаев көшесі, 22, МҒ, 220-кабинет. Байланыс телефоны: 8(727)257-70-23.
   e-mail:k_turmagambetov@mail.ru

Болашақ