Институт туралы

     Институттың мақсаты: жоғарғы технологиялық экономика саласы бойынша бәсекеге қабілетті бакалавриат, магистратура, докторантура PhD мамандарын дайындау.
     Институттың миссиясы: Экономиканы дамыту және тұрақтандыру барысында, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті бакалаврлар, магистранттар және докторанттар PhD даярлау.

     Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты ҚазҰТУ ректорының бұйрығымен 30 қаңтарда 2010 жылы құрылды.
  Өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларына қазіргі жоғары технологияларды енгізу оларды үнемі жаңартып отыру - еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Бұл мақсаттарға жеткізуге қабілетті мамандарды даярлау -іргелі жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді терең оқытумен қатар, мамандандырылған пәндерді де терең оқытып, білім беру және мамандандырушы пәндерді игерту дағдыларымен қатар жүреді.
  Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының құрамына 5 кафедра кіреді: Олар: жалпы және теориялық физика, қолданбалы экология, химия, роботты техника және техникалық автоматика құралдары, электроэнергетика және технологиялық кешендерді автоматтандыру кафедралары.

Институт дирекциясы

     Кафедраның негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

  • кәсіби оқыту, биотехнология, қолданбалы экология, электроэнергетика, аспап жасау, космостық техника және технология және техникалық физика саласында жұмыс істейтін болашақ мамандарды даярлау;
  • 1-2 курс студенттерін жалпы техникалық және арнайы пәндерді оқытуға әзірлеу;
  • қазіргі заманғы инженерлік-техникалық міндеттерді шешуге толық мүмкіндік туғызып, іргелі, базалық білімі жоғары мамандар даярлауға мүмкіндік жасау;
  • іргелі ғылым салаларын тереңдетіп оқытуға қажетті жағдай туғызу.

     Кафедралардағы 20 арнайы зертхана, 3 мультимедиялық дәрісхана кабинеттер, қажетті құрал-жабдықтар, компьютерлік техникамен және бағдарламалық жағынан қамтамасыз етілген. Институтта 175 оқытушы, оның ішінде 30 ғылым докторы профессорлар, 59 ғылым докторы доценттер жұмыс істейді. Кафедралардың 7 оқытушысы «Үздік оқытушы» мемлекеттік грантына ие болған. Институт қабырғасында 1500 бакалавриат студенттері, 81 магистрант, 14 PhD докторанттар білім алуда. Магистратура мен бакалавриаттың жоғарғы кәсіби білім беру жүйесіне арналған стандарттары жасалынып, жұмысқа енгізілді. Қазақ және орыс тілдерінде типтік жаңа оқу бағдарламалары жасалынып, олар баспадан шығарылды. 5B072300 - «Техникалық физика» мамандығы бойынша білім бағдарламасы халықаралық аккредитациядан өтті.

     Институт қабырғасында 2011 жылдың мамыр айының 25-27 жұлдыздары аралығында Алматы қаласында «Жоғары технологиялар-тұрақты даму кепілі» атты ғылыми конференциясы өтті.
  Бұл конференцияға АҚШ, Германия, Португалия, Таивань, Ресей және Қазақстанның алдыңғы қатарлы университеттерімен ғылыми қауымдастықтарының ғалымдары қатысып 244 ғылыми баяндама тыңдалды. Сонымен қатар, конференцияға Phywe (Геттинген, Германия), фирмасының өкілдері қатысып, озық оқу-зерттеу құралдарының көрмесін ұйымдастырды.
  Конференцияның пленарлы жиналысында келесі тақырыптар бойынша баяндамалар қарастырылды:

  1. Тұрақты дамудың тәжірибесі, концепциясы және теориясы.
  2. Негізгі ғылымдар-теоретикалық, эксперименталды генерация базасы және жоғары технологиялар трансферты.
  3. Наноструктуралық құралдар, олардың қабілеттері және қолданылуы.
  4. Комьютерлік,информациялық және телекоммуникациялық технологиялар.
  5. Энергияны үнемдеу және баламалы энергия көздері.
  6. Тау-кен және металлургия, мұнай-газ салаларындағы жоғары және инновациялық технологиялар.

     Гамбург техникалық университетінің және Авейру Техникалық университетінің (Португалия) конференцияға қатысушыларының атсалысуымен, біздің университетпен бірлесіп докторант және магистранттарды даярлау жайлы келісім жасалды. Магистранттар мен докторанттар алдыңғы Европалық Университеттерде мамандандырылып, Европалық Университеттер Ассоцияциясымен бекітілген дипломдарға ие бола алады.

   Жоғары технологиялар және тұрақты даму институты төмендегі мамандықтар бойынша мамандарды дайындайды:

  Бакалавриат

  1. 5В012000 – Кәсіптік оқыту, мамандықтар бойынша:
    • машинажасау және металлургиялық өндіріс,
    • мұнайды химиялық өңдеу өнеркәсібі,
    • ақпараттық технологиялар.
  2. 5В060800 – Экология
  3. 5В070100 – Биотехнология
  4. 5В071700 – Жылу энергетикасы
  5. 5В071800 – Электроэнергетика
  6. 5B072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  7. 5B072300 – Техникалық физика мамандықтар бойынша:
    • нанотехнологиялар,
    • ядролық технологиялар.
  8. 5В074600 – Ғарыштық техника және технологиялар

  Магистратура

  1. 6M060400 – Физика
  2. 6M060800 – Экология
  3. 6M070100 – Биотехнология
  4. 6М071800 – Электроэнергетика
  5. 6М072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  6. 6M072300 – Техникалық физика
  7. 6М074600 – Ғарыштық техника және технологиялар
  8. 6М091100 – Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару

  Докторантура

  1. 6D060400 – Физика
  2. 6D060800 – Экология
  3. 6D071800 – Электроэнергетика
  4. 6D072300 – Техникалық физика
  5. 6D074000 – Наноматериалдар және нанотехнологиялар (салалар бойынша)
  6. 6D074600 – Ғарыштық техника және технологиялар

 

 

Байланыс
  Институт директоры
Көмеков Серік Ешмухамбетұлы
8(727) 257-70-39
E-mail: skumekov@mail.ru
Институт директорының орынбасары Институт директорының орынбасары
Нысанбаева Салтанат
8(727) 257-70-49
E-mail: nysanbaeva_sk@mail.ru
Институт директорының орынбасары Институт директорының орынбасары
Ельжанов Ербол
8(727) 257-70-49
E-mail: eljanov@mail.ru
  Референт
Тузелбаева Шолпан
8(727) 257-71-39

Институт мекен-жайы
050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі 22а
Бас оқу ғимараты (БОҒ), 804 бөлме
E-mail: 2577139_ivt@mail.ru

    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттері «Химия» пәні бойынша халықаралық интернет-олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.

ИЖТИ

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты дау туғызып жүргендерді жазалау керек екенін айтты.

Университетіміздің Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының "Қолданбалы химия" кафедрасының эдвайзері Наурызбаева Шалқар Қаһарманқызының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 11 наурыз айында «5В012000- Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студенттерімен «Ұлыстың ұлы күні!» атты тақырыбында ашық эдвайзерлік сағаты өтті.

ЖТжТДИ, Қолданбалы химия кафедрасы

    2015-10-26 және 2015-11-07 аралығында ЖжТФ кафедрасының шақыруымен М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры, ф.-м.ғ.д. В.Ю. Тимошенко «Наноқұрылымдар оптикасы» тақырыбына дәріс оқыды.

ЖТжТДИ, ЖжТФ кафедрасы