ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ

    Институт бұрынғы Жаратылыстану-гуманитарлық институтының негізінде 2011 жылы қайта құрылды.
    Институтқа ғұлама ғалым, университеттің ең алғашқы түлектерінің бірі Қазақ КСР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, ұлтымыздың рухани құндылығының қайнары санатындағы әл-Фарабидың қазақ перзенті екендігін дәлелдеген, ҚР ҰҒА құрылтайшысы және оның алғашқы корреспондент- мүшесінің бірі, геомеханика ғылымының, сонымен қатар қазақ әдебиетіндегі фантастика саласының негізін қалаған Ақшан Жақсыбекұлы Машановтың (әл-Машани) есімі берілген.
    Институт құрамына ҚазҰТУ-да даярланатын барлық мамандықтардың студенттері мен магистранттарына қызмет көрсететін 5 кафедра кіреді:
    – қоғамдық пәндер кафедрасы;
    – қазақ тілі кафедрасы;
    – орыс тілі кафедрасы;
    – шет тілдері кафедрасы;
    – дене тәрбиесі кафедрасы.
    Институттың негізгі мақсаты мен міндеттері:
    - студенттер мен магистранттарға іргелі ғылымдар бойынша еңбек нарығының сұранысына, Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму талаптарына, жеке тұлғаның сұраныстарына сай сапалы білім беру;
    - гуманитарлық ғылымдар (педагогика, психология, филология, философия, саясаттану, социология, тарих, құқықтану, мәдениеттану), олардың өзара және басқа ғылымдармен, әсіресе техникалық ғылымдармен байланысы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;
    - ежелгі Қазақ елінің және тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи құндылықтарын дәріптеу арқылы студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеу;
    - студенттердің саяси, құқықтық мәдениетін дамыту, көшбасшылық қабілетін қалыптастыру;
    - Университетте мемлекеттік тілдің өрістеуіне жан-жақты атсалысу;
    - студенттер мен қызметкерлердің орыс тілі мен шетел тілдерін терең үйренуіне жағдай жасау;
    - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің саясаты бойынша Университет ұжымы арасында түсіндіру, насихаттау жұмыстарын ұйымдастырып, өткізуге барынша атсалысу.
    Аталған міндеттерді жүзеге асыруға институтта қызмет ететін 1 ҚР ҰҒА академигі, 7 халықаралық және салалық академиялардың академиктері, 18 ғылым докторлары мен профессорлар, 65 ғылым кандидаттары мен доценттер, 130 аға оқытушылар үлес қосуда. Ұстаздардың 78 % мемлекеттік тілде дәріс оқиды.

    
ББИ құрылған уақыттан бастап институт ұжымы мүшелерінің күшімен:

  • 4 халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылды;
  • Институт жанынан «Тәрбие философиясы және діни экстремизмнің алдын-алу мәселелері» және «Интернеткеңістік және қауіпсіздік» ғылыми орталықтары құрылып, жұмыс істеуде;
  • 2012 жыл институт ғалымдары ҚР БжҒМ қаржыландыратын ғылыми-зертеу жұмыстарының конкурсына қатысып, 2 жоба бойынша құны 45 миллион теңгелік тендер жеңіп алды;
  • Қазақ тілі кафедрасының шығармашылық тобы Интернет желісі арқылы қолданысқа енген мемлекеттік деңгейдегі «ҚАЗТЕСТ» жобасының авторларының бірі;
  • «Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да көптілді техникалық білім беруді дамытудың 2012-2016 жж. арналған бағдарламасы» жасалып, жүзеге асуда;
  • «Global soursNet» Америка білім беру компаниясымен, «Macmillan publishers» Британ білім беру компаниясымен, «Inter vаrsity» Халықаралық лингво-мәдени білім беру ұйымымен серіктестік жөнінде келісім-шарт жасалынды:
  • Танымдық-тәрбиелік, мүдделестер клубының саны 3-тен 9-ға дейін артты;
  • 10000-нан астам студент пен ПОҚ-ты қамтыған 100-ден аса тәрбиелік, бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізілді.


    Институтты ҚазҰТУ-дың Электронды есептеу техникасы факультетінің 1993 жылғы түлегі, саяси ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Бердібаев Рәт Шындалыұлы басқарады.
    Бердібаев Р.Ш. институтты бітірген соң «Есептеу техникасы» кафедрасына оқытушылық қызметке қалдырылды. 1994-1996 жылдары оқытушылық қызметпен қатар «Есептеу жүйелері және мәліметтерді тасымалдау тораптары» ғылыми-зерттеу лабораториясы меңгерушісінің міндетін қоса атқарды.
    1997-2000 жж. - Ақпараттану және есептеу техникасы факультеті деканының орынбасары;
    2000-2011 жж. - әл-Машани атындағы жаратылыстану-гуманитарлық институты директорының орынбасары;
    2001-2011 жылдары Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Тәрбие және әлеуметтік даму департаментінің директоры қызметін атқарды.
    2011 жыл қазан айынан бастап нститут директоры.
    40-тан астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің, ғылыми патенттің авторы. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің саяси механизмдері».
    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хатымен (2005, 2012), ҚР Білім және ғылым министрлігінің (2004, 2008), Алматы қаласы әкімінің (2008, 2009), Бостандық ауданы әкімінің (2008), «Нұр Отан» ХДП орталық комитінің (2009), Республикалық білім беру және ғылым қызметкерлері кәсіподағының (2004) құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың «Айрықша еңбегі үшін» (2004), «Үздік түлек» (2009) медальдарымен марапатталған.
    «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша саяси кеңестің және сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің мүшесі.

Байланыс мәліметтері:

Директор Бердібаев Рәт Шындалыұлы тел: (727)257-71-32
факс: (727)292-13-66
e-mail: rat@ntu.kz,
rat_bozkol@mail.ru
Директордың
орынбасары
Саяси ғыл. канд., Қоғамдық пәндер
кафедрасының доценті
Нұрғалым Кәдір Салықұлы
тел-факс:(727)292-43-06,
ішкі. 74-03
e-mail: kadyr_n@mail.ru
Референт   т: (727)257-71-32, ішкі 71-32
e-mail: diribo@ntu.kz

    Құрметті Ескендір Қалыбекұлы

Қазақстан Рреспубликасының Тұнғыш «Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты екі күндік семинар-тренинг ұйымдастырылды.

ББИ

    2017 жылдың 14 ақпан күні, сағат 14.00-де Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институты Қоғамдық пәндер кафедрасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, сонымен қатар конституциялық реформалар, ЖОО академиялық дербестігі мен автоматтандыру тақырыптарына арналған дөңгелек үстел өткізді.

ББИ

    2016 жылдың 23 қараша күні «Дилемма» саяси клубы мен Қоғамдық пәндер кафедрасы эдвайзерлері Кәдір Нұрғалым, Жазира Қуанышбаева және Қанат Нұрғалиевпен бірлесіп Геология және Мұнайгаз ісі Институтының, Сәулет және Құрылыс Институтының, Тау-кен Металлургия Институтының және Өнеркәсіп Инженерия Институтының студенттеріне арнап халықаралық саясаттың өзекті мәселелері атты отырыс өткізді.

ББИ

    18.11.2016 жылы Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институты Қоғамдық пәндер кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Кәдір Нұрғалым ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай студенттер арасында «Сен конституциялық құқығыңды білесің бе» атты жарыс өткізді.

ББИ

    2016 жылдың 20-қазанында Қоғамдық пәндер кафедрасының «Дилемма»

ББИ