Ішкі аудит департаменті

  Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ішкі аудит департаменті ректордың бұйрығымен 2011 жылдың қыркүйек айында құрылды. Департамент қызметінің басты мақсаты ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін арттыру, оны бағалауда жүйелі тәсілдер қолдану және ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджментін жүргізу және үнемі жақсарту негізінде Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-нің тұрақты жетістіктерге жетуі болып табылады.
    Қойылған мақсаттарға жету үшін Департамент келесідей міндеттерді атқарады:
  1. Университетте, оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін заңнамалық және басқа да нормативтік актілер талаптарын сақтауын қадағалау, сонымен қатар, университеттің СМЖ саясаты мен процедураларын бақылау;
  2. Басшылыққа ЖОО  менеджментінің  қызметі  туралы объективтік және уақытылы ақпарат беру, сонымен қатар,  Ішкі аудит департаментіне бекітілген қызмет атқару барысында анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою бойынша мониторинг және бақылау;
  3. Ішкі аудит қызметтерін әдістемелік және ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Қойылған мақсаттарды және міндеттерді жүзеге асыру үшін Департамент жоспарлы-ұйымдастырушылық, бақылау-аудиторлық, ақпараттық-талдау, әдістемелік және кеңес берушілік қызметтерін атқарады.

    Департамент құрамы:
    • Ішкі бақылау бөлімі (ІББ)
    • Білім сапасын бақылау және бағалау бөлімі (БСБжББ)
    • СМЖ үйлестіру бөлімі (СМЖ ҮБ)

Қаленова Бақытгул Советқызы Ішкi аудит департаментiнің директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Телефон: 8(727) 257-70-26, e-mail: kalenova b@ntu.kz

      Б.Қаленова 1986 жылы С.М Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің "Механика" мамандығын "Қолданбалы математик" біліктілігі бойынша бітірді. Б.Қаленова 1986 жылдан бастап жоғары білім беру жүйесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, орталықтың және департаменттің директоры, оқу және оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректор. 2012 жылдың шiлдесінен бастап К.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да Ішкi аудит департаментiнiң директоры лауазымында өз еңбек жолын жалғастырды. ЖОО-да оқу процесiн ұйымдастыру мен басқаруда, бiртұтас ақпараттық білім беру ортасын әзiрлеу және жасаудың жобаларын орындауда, университеттің ішкі білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін құруда тәжірибесі мол.

Болашақ