Институт тарихы

     Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ең ірі бөлімшелерінің бірі. Бүгінгі күнде – ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар саласында өзекті ғылыми зерттеулерді жүргізу мен жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында, заманауи әдістерді қолдана отырып кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ететін ауқымды білім беру және ғылыми орталығы болып табылады.
     Институт 1962 жылдан бастап құрылды деп санауға болады. Автоматика және телемеханика мен Есептеу техникасы кафедралары базасында Автоматика және есептеу техникасы факультеті ашылды. Факультет декандары болып: т.ғ.к., доцент В.П.Зуб (1962-1967); т.ғ.д., профессор Б.Р.Рақышев (1967-1974); т.ғ.к., доцент Н.К.Қожаспаев (1975-1977); ф.ғ.д., профессор Сыдықов Ұ. Е. (1977-1980) қызмет атқарды.Факультетте кафедралармен атқарылған жұмыстарға байланысты, сол сияқты оқу үрдісін жетілдіру үшін, басқару ұйымдары мен құрылымдары ескертуімен екі жаңа Автоматика және жүйені басқару мен Электронды-есептеу техникасы факультетері құруылды.
    1981-1996 жылдары факультетті атақты ғылыми жетекші, техника ғылымдарының докторы, профессор Ж.С.Сарыпбеков жетекшілік етті. 1998 -2000 жылдары АжЕТ деканы университетіміздің түлегі т.ғ.к, доцент Ш.К.Көшімбаев болды.
    2000 жылы АжЕТ және АжБЖ факультеттерінің негізінде Ақпараттану және ақпараттық технологиялар институты құрылды. Институттың директоры болып т.ғ.д., профессор Ғ.З.Қазиев тағайындалды.
    2005 - 2011 жылдар аралығында Институттың директоры қызметін т.ғ.д., профессор М.Ш Байбатшаев атқарды.
Институт құрамына: «Желілер мен жүйелердің программалық қамтамасы», «Есептеу техникасы», «Ақпараттық технологиялар», «Математика», «Электротехника», «Автоматика және басқару», «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедралары кірді. Институт директоры болып т.ғ.д., профессор Б.С. Ахметов тағайындалды.
   Ахметов Б.С. 1954 жылы 31 наурызда дүниеге келді. Ол 1977 жылы Н.Э. Бауман атындағы МЖТУ (Мәскеу) «Электронды есептеу машиналары» мамандығы бойынша бітірді. 1977- 1979 жылдары сынақ мерзімін өтеуші-зерттеуші, ал 1979-1982 жылдар аралығы – Т.Г. Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетінің кибернетика факультетінің 01.01.10 – «Есептеу машиналары мен жүйелерінің математикалық қамтамасы» мамандығының аспиранты. 1984 жылы Н.Э. Бауман атындағы МЖТУ 05.13.12 – «Автоматтандырылған жобалау жүйесі» (өнеркәсіпте) мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 05.13.10 – «Әлеуметтік және экономикалық жүйені басқару» мамандығы бойынша докторлық диссертацияны қорғады. 05.13.00 – «Ақпараттану, есептеу техникасы және басқару» мамандығы бойынша профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының, Ресей инженерлік академиясының, Халықаралық инженерлік академиясының және Халықаралық ақпараттану академиясының мүшесі.
       Жалпы еңбек өтелімі – 35 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық өтелімі – 33 жыл. ЖОО мансаптық барлық сатыларынан өткен: оқытушылықтан Қазақ инновациялық және телекоммуникациялық жүйе университетінің ректор болып қызмет атқарған.
     240-тан астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектер мен патенттер, оның ішінде 6 монография және 7 оқу құралдарының авторы. Ғылыми қызығушылығы білім беру мен басқаруды ақпараттандыру, ақпаратты қорғау және энергияны үнемдеу технологиясы салаларындағы сұрақтармен байланысты.
     Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты директорының орынбасары қызметіне 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Картбаев Тимур Саатдинұлы тағайындалды.
        Картбаев Т.С. 1985 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ. 2008 ж. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 050602-"Ақпараттану" мамандығын үздік бітірген. 2008 ж. ҚазҰТУдың ЖмЖПҚ кафедрасының инженері қызметіне қабылданады. 2008-2010 жж. аралығында 6N0704 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығына оқу түседі. Осы оқу аралығында ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсене қатысқаны үшін академик У.А.Жолдасбеков атындағы диплом мен стипендияға ие болады. 2010-2014 жж. аралығында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарады. 
      2013 жылы Т.С.Картбаев 6D070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының толық курсын ерте аяқтап, өзінің докторлық диссертациясын сәтті қорғайды.
        2012 жылы докторантурада оқып жүргенінде Қазақстанның атынан Бельгияның Брюссель қаласында IBM компаниясының ұйымдастырған  "Best Student Recognition Event 2012" іс-шарасына іріктеуден өтіп қатысады. Ал 2013 жылы осы іс-шараның ұйымдастырушыларының арнайы шақыртуымен Францияның Монпелье қаласында жүргізілген келесі шараға қатысады.
     Т.С.Картбаев бірнеше ғылыми жобалардың аға ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарады: №753.МОН.ГФ.13.13., № 757.МОН.ГФ.15.ИИТ.6 т.с.с.
      Жалпы жарияланған ғылыми-әдістемелік жұмыстарының саны 60-тан асады, олардың 2-і Scopus деректер қорына енген. 
Байланысу
 

Институт директоры

т.ғ.д., профессор
Ахметов Бахытжан Сражатдинович
8(727) 257-70-34
E-mail: b_akhmetov@kazntu.kz 

 

Институт директорының орынбасары

PhD доктор, доцент м.а.
Картбаев Тимур Саатдинович
8(727) 257-70-44
E-mail: kartbaev_t@kazntu.kz, kartbaev_t@mail.ru

   
  Референт
Қыдырбаева Жанар
8(727) 257-71-34

 

Институт мекен-жайы 050013, Алматы қ-сы, Сәтбаев к-сі, 22 а
Бас оқу ғимараты (БасОҒ), 513 каб.

    2016 жылдың 29 тамызынада ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының дирекциясында профессор-оқытушылар құрамының зейнеткерлеріне арналған салтанатты жиын өтті.

АжТТИ

    2016 жылдың 8 шілдесінде Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары Thomson Reuters ҰҒТАО АҚ семинарына «Халықаралық ғылыми журналы Web of Science: халықаралық ғылыми мақалалары стандарттары» тақырыбында белсенді қатысты.

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында «Нұр Отан» партиясының сайлау науханына белсене қатысқаны үшін компьютерлік және программалық инженерия кафедрасының доценті Рәт Бердібаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды!

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты дау туғызып жүргендерді жазалау керек екенін айтты.