Қашықтықтан білім беру институты

     Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 2009-2015 ж.ж. ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдың 30 қаңтарында № 42-п ректордың бұйрығымен Қашықтықтан білім беру институты құрылған.
     ҚББИ миссиясы:

  • заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен техникалық мамандардың жаңа ұрпақтарына сапалы білім беру қызметін көрсету;
  • білікті, креативті тұлғаларды Қазақстан қоғамында қалыптастыруға, оларды коммуникативтік біліктілікті дамытуға ықпал ету.

     ҚББИ саясаты:

  • өнеркәсіп салаларының динамикалық дамуына орай бағытталған көп деңгейлі дайындықтың жаңа сапа жетістіктеріне байланысты жүйелік өзгерісін жүргізу;
  • университеттің еңбек пен технология нарығының арасындағы қажеттіліктің тығыз байланысын қамтамасыздандыру;
  • білім саласындағы заманауи білім технологияларын және халықаралық деңгейдегі танылатын, жүйелерді енгізу.

     ҚББИ стратегиялық даму концепциясы:

  • бірінші (дайындық) кезең 2011 – 2012 ж.ж.
  • екінші (сынақ-тәжірибелік) кезең 2012 – 2013 ж.ж.
  • үшінші (кең қолданыстағы) кезең 2014 жылдан бастап.

     ҚББИ басқару үдерістері:

  • білім беру қызметінің сапасы – тұтынушыларды қанағаттандыру жолындағы басты жетiстік;
  • тұтынушылардың қызығушылығы (білім алушылар, өнеркәсіп салалары, өндіріс және қоғам);
  • ПОҚ және қызметкерлердің біліктіліктерін үнемі жоғарылату;
  • барлық қызметкерлердің қатысуы, сенiм және құрмет;
  • әлеуметтiк жауапкершiлiктiң қағидаттары, сөзсiз адалдық.

     Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу бөлімі оқу үрдісін жоспарлайды және ұйымдастырады, ҚОТ-пен байланысты құжаттарды жүргізеді, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін көтеруді жоспарлайды, үйренушілердің барлық бақылау материалдарының жиынтығын (бақылау және курстық жұмыстар, эссе, рефераттар, жазбаша емтихандық жұмыстар, т.б.) баспа немесе электронды түрін, білімді бағалау үшін материалдарды тьюторға беруді ұйымдастырады; тьютордан алынған ағымдағы үлгерім жайлы мәліметті бірыңғай ақпараттық базаға енгізуді қамтамасыз етеді.



Университет ректоры, академик Ж.М.Әдiлов және электрондық оқулық авторлары ҚазҰТУ-дың көрсеткіш тақтасы алдында
(ҚР ҰИА 20-жылдығы)

     Бөлім электронды оқулықтарды, мультимедиялық курстарды, әдістемелік оқулықтар мен басқа да ҚОТ-тың әдістемелік құралдарын игерумен, сатып алумен және өңдеумен айналысады, басқа да білімді бағалау құралдары мен тест жүйелерін, ҚОТ үшін ақпараттық қорларды пайдалануды іске асырады.

Желілік технологияларды қолдану

 

     ҚОТ ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі ақпараттық және қашықтықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын игеруге және қолдауға жағдай тудырады.

Оn-line дәрiстер өткізу үшін арнайы жабдықталған кабинеттер

 

Бiздiң мекен-жай:
050013, Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 22,
Мұнай ғимараты, 1008 каб.
Тел: 8(727) 2577025, 2577155, 2924844
Факс: 8(727) 2924844
E-mail: ido@ntu.kz
www.kazntu.kz

Болашақ