Гранты и стипендии

Болашақ – Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама. 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қаулысымен бекітілген Болашақ стипендиясы бойынша жастардың келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуы және іс-тәжірибе өтуі қаржыландырылады.

 


 

ERASMUS MUNDUS – жоғары білім беру саласында ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты дамыту бағдарламасы. Эраcмус Мундус бағдарламасы жоғары білім беру саласында Еуропамен ынтымақтастықты және халықаралық байланыстарды нығайтуға бағытталған. Бағдарлама Еуропаның жоғары оқу орындарында білім алуға және оқытушы қызметінде істеуге мүмкіндік беретін магистрлік, докторлық курстардың жүзеге асырылуы мен ұйымдастырылуын қолдайды.

 


 

THE FULBRIGHT PROGRAM – гранттар беру бағдарламасы, АҚШ азаматтары мен әлемнің басқа елдері арасындағы мәдени-академиялық байланыстарды нығайту мақсатында 1946 жылы АҚШ сенаторы Джеймс Уильям Фулбрайт пен Мемлекеттік қаржы департаментінің ұйымдасуымен құрылған. Фулбрайт бағдарламасы әлемдегі ең атақты бағдарламалардың бірі, бұл бағдарлама 155-тен аса мемлекетте жұмыс істейді, 50 мемлекетте бағдарламаны басқаратын арнайы құрылған комиссия қызмет жасайды, ал бағдарлама жоқ жерде АҚШ елшілігі мен Ақпараттық бөлім бақылау жұмысын жүргізеді. FULBRIGHT бағдарламасының 43 түлектері Нобел сыйлығының иегері және 78 түлектер Пулитцерлік сыйлық иегері болды.

 


 

АКАДЕМИЯЛЫҚ АЛМАСУЛАРДЫҢ НЕМІС ҚЫЗМЕТІ БАҒДАРЛАМАСЫ – Германияның барлық жоғары оқу орындарын біріктіретін және ғалымдар мен студенттердің алмасуы негізінде академиялық байланыстарды шет елде дамытуды мақсат ететін әлемдегі ең ірі ұйым болып табылатын. Ұйымның басты мақсаттары: Германияда білім алу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін шет елдің жас ғылыми элитасын тарту және олармен ұзақ мерзімді әріптестік қатынасты сақтау; Германияның ЖОО-ң тартымдылығы мен ұлтаралық қатынасты дамыту; өзара түсінісу мен ашықтық арқылы жас ғалымдардың біліктілігін көтеру; жоғары білім беру сала құрылымының жұмысқа қабілеттілігін арттыру, ең бастысы шет елдердің жоғары оқу орындарында неміс әдебиетін, тілін және германдықты қолдауды арттыру.

 


 

CHEVENING - халықаралық білім шәкіртақысы Ұлыбританияда магистр дәрежесін алуға ынталы дүниежүзінің жас мамандарына Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен құрылған бағдарламасы. Бағдарламаны British Council басқарады. Өз саласының жетекші маманы болуға қабілетті және кәсіби дамуға бағытталған жас мамандардың білім алуын Британия үкіметі Чивнинг шәкіртақысы негізінде қаржыландырады.

 


 

EDMUND S. MUSKIE GRADUATE FELLOWSHIP PROGRAM – жоғары білімі бар мамандарға арналған Эдмунд Маски (Muskie) стипендияларының бағдарламасы – АҚШ Мемлекеттік департаментінің IREX (Халықаралық зерттеулер мен алмасулар жөніндегі Америка кеңесі) бақылайтын Білім беру және мәдени бағдарламалар бөлімінің бағдарламасы. Бағдарлама Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина және Өзбекстан елдерінің жоғары білімі бар мамандарының АҚШ университтерінде магистр дәрежесін алуына мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысушылар ашық конкурс негізінде іріктеледі.

Болашақ