Институт туралы

Білім беру бағдарламасының миссиясы мен мақсаты

Маман үлгісі

Матрица дамыту мақсаттары мен модульдер нұсқаулығы

Oқу-зертханалық базасының даму жоспары

БЕСІМБАЕВ ЕРІК ТҰРАШҰЛЫ

Техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы

    1958 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Жанатұрмыс ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Қазақ политехникалық институтының Қаратау қаласындағы жалпы техникалық факультетінің «Өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығының студенті атанды. 1981 жылы КазПТИ - ААСИ Құрылыс факультетін ойдағыдай аяқтап, құрылыс инженері мамандығын алып шықты. Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл облысы Қордай аудандық коммуналдық мекемеде мастер, прораб қызметінен бастады.
    1983 жылы Қазақ политехникалық институтының Қаратаудағы филиалының шақыруымен оқытушылық жұмысқа ауысады. Оқытушылық жұмысын ассистенттен бастап аға оқытушы, доцент, профессор атағына дейін көтерілген.
    1986 – 1988 жылдары Москвада ғылыми тәжірибеден өтіп, 1989 жылы Москва инженерлік-құрылыс институтының аспирантурасына түседі. 1992 жылы академик Ю.К.Зарецкийдің жетекшілігімен ғылыми жұмысын аяқтап, диссертация сәтті қорғап, «техника ғылымдарының кандидаты» дәрежесін иеленген
    1992-1996 жылдары Қазақ политехникалық институтының Қаратаудағы филиалында аға оқытушы, доцент, Экономика факультетінің деканы қызметін атқарды.
    1996-2000 жылдары Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының доценті, 2000-2003 жылдары академия Президентінің Кеңесшісі қызметін атқарған.
    2006-2010гг. - по совместительству Директор Научно-практического Центра «Сейсмостойкого строительства» ГКП «СейсмоСтройЗащита» акимата г.Алматы.
    2010 жылы құрылыс саласында докторлық диссертацияны аяқтап, «техника ғылымдарының докторы» дәрежесін иеленгеннен соң Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының Құрылыс факультетінің деканы, академиялық профессоры болып тағайындалады.
    2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым міністрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Сәулет және Құрылыс» мамандықтары бойынша жауапты хатшысы қызметін атқарған.
    2012 жылдан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкцияларының технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, 2013 жылыдан бері Қ,Тұрысов атындағы Геология және мұнайгаз ісі институтының директоры қызметінде.
    80-ден аса ғылыми-әдістемелік еңбектердің, соның ішінде, 1 монография, 7 оқу құралының, 2 патенттің иегері. Бірнеше Халықаралық акдемиялардың Академигі.
    2005 жылы ҚР Білім және ғылым міністрлігінің Құрмет грамотасымен, 2007, 2011 жылдары Алматы қаласының әкімінің, 2007, 2012 жылдары Алматы қаласы, Бостандық ауданы әкімінің, 2007, 2011 жылдары ҚР құрылыс және ТКШ жөніндегі агенттігінің, 2005, 2009, 2011 жылдары Қазақстанның құрылысшылар ассоциациясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
    2014 жылы Қазақстан Республикасының «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін», 2015 жылы Білім және ғылым министрлігінің «2015 жылдың үздік оқытушысы» төс белгісімен марапатталды.
    Е.Т.Бесімбаев Геотехника және геомеханика , Құрылыс өндірісінің технологиясы саласында ғылыми жұмыстар жүргізуде. Алматы қаласындағы Таушаңғысымен секіру кешенінің жобасына және құрылысына қатысқаны үшін «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» атағына ие болды.
    Е.Т.Бесімбаев Халықаралық жобаларда жұмыс істеу тәжірибесі бар. 2006-2008 жылдары БҰҰ « Табиғи апаттың болу қауіпін төмендету: Қауіпсіз құрылыс», 2008-2009 Германияның І І М-нің «Орта Азиядағы шекаралық табиғи апаттардың болмауын қамтамасыз ету» жобаларының Қазақстан атынан координаторы, 2011-2012 жылдары БҰҰ «Тұрғын үйлерді тиімді жобалау және тұрғызу» жобасының жауапты атқарушысы болды.
    Е.Т.Бесімбаевтың жетекшілігімен бірнеше Халықаралық конференциялар ұйымдастырылды, соның ішінде 2007 жылы Алматы қаласы Әкімшілігінің қолдауымен өткен «Алматы қаласы ғимараттарының қатты жер сілкінісі кезіндегі сейсмикалық қауіпін төмендету» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 2014 жылы белгілі геолог, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовтың 80-жылдығына арналған «Геологиялық кластерді дамытудың мәселелері мен болашағы «Білім-ғылым-өндіріс» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы және басқалар.

    Университетіміз құрылғалы бері әр жылдары Геологиялық барлау факультетінің құрамынан: мұнай, геофизика және гидрогеология факультеттері жеке бөлініп шықты.
     1997 жылы барлық геологиялық мамандықтар Геологиялық барлау факультетінің құрамына қосылып Геологиялық барлау факультеті қайта құрылды.
     2002 жылы Геологиялық барлау және Мұнай факультетінің базасында Геология және мұнай газ ісі институты біріктірілді.
     2003 жылы сәуірде Геологиялық барлау факультетінің негізін құраушы геологиялық профилдегі тарихи кафедралар біріктіріліп Геологиялық барлау институты болып Геология және мұнай газ ісі институтынан бөлініп жеке құрылды. Институтқа белгілі қоғам қайраткері, ғалым, геолог Қаратай Тұрысовтың есімі берілді.
     2011 жылы Мұнай және газ институты мен Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық барлау институты қосылып, белгілі қоғам қайраткері, ғалым, геолог Қаратай Тұрысовтың есімін мәңгі қалдыру үшін Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай газ ісі институты болып қайта құрылды.
     Қ.Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты мына мамандықтар бойынша жоғарғы дәрежелі мамандар даярлайды:
     5В070600 - «ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫН БАРЛАУ» мамандығы келесі салалар бойынша:

  • Геологиялық түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау;
  • Іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері;
  • Гидрогеология, инженерлік геология;
  • Мұнай және газ геологиясы;
  • Қатты пайдалы қазба кенорындарын бұрғылаудың техникасы мен технологиясы.

     5В070800 - «МҰНАЙ-ГАЗ ІСІ» мамандығы келесі салалар бойынша:

  • Мұнай және газ кенорындарын игеру;
  • Мұнай және газ кенорындарын пайдалану және қызмет көрсету;
  • Теңіздегі мұнай-газ кенорындарын игеру;
  • Құрлықтағы және теңіздегі мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылаудың техникасы мен технологиясы;
  • Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай сақтау қоймаларын жобалау және пайдалану.

     5В072100 – «ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ» мамандығы келесі салалар бойынша:

  • Негізгі органикалық және мұнай химиясы синтезінің химиялық технологиясы;
  • Мұнай және газды қайта өңдеудің химиялық технологиясы;
  • Полимерлерді өндіру мен қайта өңдеудің химиялық технологиясы.

     Сондай-ақ, төмендегі мамандықтар бойынша магистратура және докторантурада оқыту бағдарламалар бар:

  • 6М070600, 6D070600 – «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау»;
  • 6М070800, 6D070800 – «Мұнай-газ ісі»;
  • 6М072100, 6D072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»;
  • 6М073900, 6D073900 – «Мұнай химиясы»;
  • 6М074700 – «Пайдалы қазба кенорындарын іздеудің геофизикалық әдістері».

Институттың кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуеті

      Институт түлектерінің еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие болуын институтымызда 9 академик, 36 ғылым докторы, профессор, 91 ғылым кандидаты, PhD докторлары қамтамасыз етеді. Ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлес салмағы 67%.
     Институттың материалдық-техникалық базасы бай: бай қоры бар геологиялық мұражай, геологиялық тау жыныстарының, минералдардың заттық құрамын микро және нано деңгейде зерттеуге мүмкіндік беретін минералогиялық орталық, жерді қашықтықтан зондтау тәсілімен ғарыштан алынған мәліметтерді талдауға және сандық картография жасауға мүмкіндік беретін ГИС-технологиялардың оқу-зертханалық кешені, 45 кафедралық арнайы зертхана, 17 компьютерлік сынып, 5 оқу-зерттеу орталығы, 3 оқу полигоны бар.
    Институт студенттері арнайы далалық тәжірибені Қаратау, Қапшағай полигондарында өтеді. Өндірістік және диплом алдындағы тәжірибеден Қазақстанның әр аймағындағы жетекші мемлекеттік және жеке меншіктегі геологиялық барлау және мұнай-газ компанияларында өтеді.
     Институттағы білім беру ісі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тығыз байланысты жүреді, студенттердің ақылы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндігі бар.
     Халықаралық ынтымақтастық. Халықаралық байланыстарға келсек, институт Колорадо кен мектебімен (АҚШ), Познаньдегі Адам Мицкевич атындағы университетпен (Польша), Берлиндегі Гумбольдт университетімен (Германия), Нанси университетімен (Франция), Серго Орджоникидзе атындағы Ресей Мемлекеттік геологиялық барлау университетімен, Томск политехникалық университетімен, Ресейдің минералогиялық шикізатты синтездеу ғылыми-зерттеу институтымен, Чанъян техникалық университетімен (ҚХР), француздың Vivendi Water компаниясымен және халықаралық геологиялық қауымдастықпен белсенді әріптестік байланыс орнатқан. Институтта Европа бағдараламасындағы «ТЕМПУС» желісі бойынша магистрлік, ғылыми-зерттеу бағдарламалары жұмыс істейді.
     5В070600 – «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» және 5В070800 – «Мұнай-газ ісі» мамандықтары АSIIN (Германия) аккредитациялық орталығы өткізген халықаралық аккредитациядан сәтті өтті. Ал 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын Ресейдің АИОР агенттігі аккредитациялады. 

Байланыс

Институт директоры:

техника ғылымдарының докторы, профессор
Бесімбаев Ерік Тұрашұлы

Тел: 8 (727) 257-70-31
Факс: 8 (727) 292-60-59
e-mail: erik.bessimbaev@mail.ru
ОӘЖ
директордың орынбасары:
МГӨДППжәне ҚК кафедрасының
аға оқытушы, б.ғ.к.,  
Азимова Елена Жұмабайқызы

т: 8 (727) 257-71-31  

e-mail: eazimova@mai.ru

ҒИЖ
директордың орынбасары:
МжәнеГӨХТ кафедрасының аға оқытушы, х.ғ.к., 
Матаева Зайра Тоқтарбекқызы
т: 8 (727) 257-71-49
e-mail: zayra.kazntu@mail.ru
ОТЖ
директордың орынбасары:
ГжәнеИГ кафедрасы
Айдаходжаев Жандос Нұрмахамбетұлы
т: 8 (727) 257-70-41
e-mail: zandos66@mai.ru
Референт института:

Ескелдиева Ботагөз

 

т: 8 (727) 257-71-31, вн.71-33
e-mail: kazntu.igngd@mail.ru
Институт мекен жайы: 480013, Алматы қ., Сатпаева к. 22,
Бас оқу ғимараты (БОҒ), 3 қабат
325 кабинет
kazntu.igngd@mail.ru

    ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

    Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың Физика-техникалық институтының жаңа басшысы болып Абай Серікқанов тағайындалды.

ҚБД

    2017 жылдың 5 қаңтарында ағылшын тілі кафедрасында «1-курстағы жаңа оқыту бағдарламасы нәтижелерін талдау және соның негізінде көктемгі семестрде ағылшын тілін оқыту бойынша ұсыныстар жасау» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

ББИ

ЕвроХим выберет из лучших!    Өткен аптада «МХК «ЕвроХим» АҚ-ның кейс қорғау бойынша чемпионатының іріктеу кезеңі аяқталды.

ТКМИ

    Үстіміздегі жылдың 22 желтоқсаны күні “Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ” КЕАҚ мен Қазақ–Британ Техникалық университеті АҚ-ның бірлескен Ғылыми кеңесінде ҚазҰТЗУ-дің әр жылы бітірген танымал түлектері Ләззат Қиынов, Тохтархан Қожағапанов және Қрымбек Көшербаевқа Ғылыми кеңестің шешімімен (хаттама №11) ҚазҰТЗУ-дің Құрметті профессоры атағы берілді.

    Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты, «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі Сеилова Нургуль Абадуллаевнаны – 2016 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру туралы республикалық конкурстағы жеңісімен құттықтайды және шығармашылық табыс тілейді!

АжТТИ