Колледж

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжі

9-11 сынып базасында күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша ақылы негізде мектеп түлектері мен арнайы лицей оқушыларын қабылдайды.
      Колледж Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрылымдық бөлімі болып табылады және «Колледж-ЖОО» салалық мамандықтардың оқу кешеніне ие.
      ЕБірыңғай материалдық-техникалық базалар, екі жақтық оқу жоспары мен бағдарламалар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжін тәмамдағаннан кейін қысқартылған бағдарлама бойынша университетте оқуды жалғастыру мүмкіндігін береді.

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжі – бұл:

  • түлектерді рухани және интеллектуалды дамытудың жаңа сатысы;
  • бәсекеге қабілетті оқу бағдарламалары;
  • Колледждің жоғары білікті профессорлық-оқытушылар мен қызметкерлер ұжымы;
  • Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да үш жылдық жеделдете оқу, уақыт пен ақша қаражатын үнемдеу;
  • білікті маман болу мүмкіндігі;
  • университеттің заманауи техникалық жабдықталған оқу және зертханалық кабинеттерде білім алу және практикалық дағдылану;
  • шетелдік коледждерде оқу және практикадан өту мүмкіндігі;
  • ағылшын тілін тереңдете оқу;
  • Интернет желісімен қамтамасыздандыру

      11-сынып базасында оқуға түсушілер үшін Жол картасы бойынша кейбір мамандықтарға конкурстық негізде мемлекеттік білім гранты қарастырылған.
      Оқу процесінде оқушылардың теориялық білімі зертханаларды, шеберханалар мен компьютерлік кластарды пайдалана отырып, практикалық дағдыланумен ұштастырылады.
      Оқушылар университет пен республика көлемінде өткізілетін шараларға, пәндік олимпиадаларға, спорттық жарыстарға және конференцияларға қатыса алады.
      Үлкен материалдық-техникалық базаға ие бола отырып, «Колледж-ЖОО» оқу кешені 19 мамандық бойынша терең де мықты білім беру мүмкіндіктеріне ие.
      Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Колледжге 25 тамызға дейін тест нәтижесі бойынша қабылданады.
      Оқу ақысы жыл сайын университетте белгіленетін есеп негізінде заңды және жеке тұлғалардың келісім-шарты бойынша төленеді.
      Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжінің түлектеріне техникалық орта және кәсіби білімі туралы мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
      Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Колледжіне қабылдау жөніндегі азаматтардың өтініші ҰБТ және КТ сертификаттары бойынша ағымдық жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін жүргізіледі.

      Қ.И. Сәтбаев атындағы Колледжіне қабылдау үшін қажетті құжаттар:

  1. Қабылдау туралы өтініш;
  2. Орта білімі туралы аттестат (немесе күәлік);
  3. Мемлекеттік сертификат (бар болған жағдайда);
  4. 6 дана - 3х4 фотосурет ;
  5. Жеке куәлік (көшірмесі);
  6. Медициналық анықтама, 086-У формада және бала денсаулығы паспорты;
  7. Әскери күәлік (көшірмесі);
  8. Келісім-шарт.

     Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Ладыгин көшесі 34, тел: 8 (727) 309-73-83, 309-73-85

Болашақ