Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ –дың Баспа орталығы

     Қазақ политехникалық институты (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті – Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) КСРО-ның 02.11.1971 ж. Жоғары және орта арнайы білім министрі бұйрығымен Қазақстанның ең алғашқы оқу орындарының бірі болып, баспа ісіне құқылы болды.
     Өндірісті нәтижелі ұйымдастыру мақсатында материалдық-техникалық негізде кітап шығарудың қолжазбадан бастап, дайын таралымға дейін барлық технологиялық процестерін біріктіру; қажетті қазақ, орыс тілдерінде қажетті оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен толық қамтамасыз ету; жылына 6 рет шығатын мерзімді басылымды даярлау және шығару («ҚазҰТУ хабаршысы» – «Вестник КазНТУ»). 2000 жылдың 31 қазанында № 55 ректор бұйрығымен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Баспа орталығы құрылды.
     14.06.07 № 251 бұйрығымен Баспа орталығы (БО) Ғылыми-техникалық баспа орталығына өзгертілді (ҒТБО).
Ғылыми-техникалық баспа орталығының (ҒТБО) негізгі қызметі:
•    басылымға даярлау (редакциялау, мемлекеттік және орыс тілдерінде корректура, техникалық редакциялау, компьютерде теру,  беттеу және түпнұсқа-макеттерді дайындау) белгіленген нормативтері бойынша баспа өнімін шығару, есептеу, жарнама жасау және тарату:
а) оқулықтарды, оқу құралдарын және дәріс конспектілерін (тек арнайы пәндер бойынша);
ә) оқу-әдістемелік құжаттар – әдістемелік нұсқауларды, лабораториялық практикумдарды, әдістемелік жұмыстарды, әдістемелік басшылықтарды және т.б.;
б) ғылыми-техникалық конференция материалдарын;
в) ғылыми еңбектердің тақырыптық жинақтарын;
•    Ғылыми жорнал «ҚазҰТУ хабаршысы» – «Вестник КазНТУ» мерзімді басылымын дер кезінде дайындау, шығару, жарнама материалдарын жасау және тарату.
   «ҚазҰТУ хабаршысы – Вестник КазНТУ» ғылыми журналы ҚР БАК-нің  кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғауға арналған мақалаларды жариялайтын журналдар тізіміне енгізілген. Журналға ISSN – 1680–9211 – Халықаралық  стандартты сериялы мерзімді баспа нөміріне иеленді.
    ҒТБО жұмысы ведомстволық және жоғары оқу орны деңгейлі баспа ісінің нормативтік-құқықтық құжаттарымен регламенттеледі.
    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың  Ғылыми-техникалық баспа орталығы 2004 жылы Қазақстан Республикасының ЖОО Ассоциациясының «Жоғары оқу орнының ең үздік баспасы» атты жаңа ұрпақтың оқулықтарын басып шығарғаны үшін дипломымен, 2007–2008 жж. Астана қ. «ХХI ғасыр ғылымы мен білімі» атты IV–V Қазақстандық – Халықаралық көрмеде «Жоғары оқу орнының ең үздік басылымы» атты дипломдарымен марапатталды. Дипломдармен ҚР Білім және ғылым министрі –  Ж.К. Түймебаев және Қазақстандық – Халықаралық көрме директоры – Ж. Абдуллаева марапаттады.
    Ғылыми-техникалық баспа орталығының құрамына Дирекция мен төрт бөлім кіреді: Редакциялық бөлім (РБ), компьютерде беттеу және дизайн бөлімі (КБжДБ), өндірістік бөлім (ӨБ) және Маркетинг, бақылау және есепке алу бөлімі.
     

Болашақ