Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті білім алушысының этикалық кодексі

     Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті білім алушысының этикалық кодексі (әрі қарай – Кодекс) ҚазҰТУ студенттік қауымдастықтарының жиналысында қабылданды.
     Біз, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТҰ студенттері, магистранттары және Phd докторанттары, этикалық нормалар мен тәртіп ережелерін сақтау қажеттілігін түсіне отырып, осы Кодексті қабылдаймыз және оның тармақтарын қалтықсыз орындауды міндетімізге аламыз.
     1 тармақ
     ҚазҰТУ студенті Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, ҚазҰТУ Жарғысын, Ішкі тәртіп ережелерін, Жатақханада тұру ережелерін және басқа да нормативтік актілерін, осы Кодекстің ережелерін сақтайды.
     2 тармақ
     ҚазҰТУ студенті білім беру бағдарламаларын игеру, өз кәсіптік құзыретін қалыптастыру бойынша үнемі жұмыс істейді, білімді адал жолмен іздеу негізінде белсенді түрде зерттеулік қызметпен айналысады.
     3 тармақ
     ҚазҰТУ студенті парасаттылық пен зиялылықтың, әділдік пен турашылдықтың үлгісін көрсетіп, сыбайлас жемқорлықтың, ұлтаралық араздаудың тәртіпсіздіктің, жауапкерсіздіктің кез келген көрінісіне қарсы болады.
     4 тармақ
     ҚазҰТУ студенті оқу тәртібін сақтайды, оқытушылар мен білім алушыларға сыйластықпен қарап, кішіпейілдік танытады.
     5 тармақ
     ҚазҰТУ студенті ұқыпты киініп, өз сыртқы келбетінің оқу орнының эстетикалық нормаларына сай болуына тырысады.
     6 тармақ
     ҚазҰТУ студенті өз көзқарасын ашық білдіріп, пікірін дәйекті түрде қорғайды.
     7 тармақ
     ҚазҰТУ студенті – Университеттің, өз институты мен мамандығының патриоты, олардың дамуына оқу нәтижесі үшін жеке жауапкершілігін арттыру арқылы ықпал етеді.
     8 тармақ
     ҚазҰТУ студенті техника саласының зиялы қауымы өкілдеріне жоғары талап қойылатынын естен шығармай, келесі моральдік-этикалық қағидаларды ұстанады:

  • еңбекқорлық;
  • адалдық;
  • ізденімпаздық;
  • белсенділік;
  • сыпайылық;
  • әдептілік;
  • шынайылық;
  • зиялылық;
  • парасаттылық;
  • толеранттылық;
  • қарапайымдылық.

     9 тармақ
      ҚазҰТУ студенті оқу барысында сөйлеу мәдениетінің келесі ережелерін сақтайды:

  • студенттер бір-бірімен және оқытушы-профессорлар құрамымен жөн-жосықпен, сыпайы сөйлеседі, сондай-ақ, жаргон сөздерді қолданбайды.
  • студенттер айналасындағыларды қорлайтын балағат сөздер мен тіркестерді қолданбайды.

     10 тармақ
     Іс-шараға (жиналысқа, салтанатты мәжіліске, іскерлік кездесуге, концерттерге, мерекелерге) барған жағдайда сөз сөйлеп жатқандарға сыйластықпен қарап, тәртіп пен тыныштықты сақтайды.
     11 тармақ
     ҚазҰТУ студенті осы Кодекстің ережелері бұзылған жағдайы туралы университет әкімшілігін немесе студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарын хабардар етуге құқылы.
     12 тармақ
     Осы Кодекс нормаларын бұзған үшін келесі шаралар қолдануы мүмкін:

  • ескертпе;
  • ескерту;
  • сөгіс;
  • жеке іс қағазына енгізілетін қатаң сөгіс;
  • жатақханадан шығару;
  • университеттен шығару.
Болашақ