Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлердің корпоративтік мәдениет кодексі

     1 Жалпы ережелері

     1.1 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлерінің корпоративтік мәдениет кодексі (ары қарай – Кодекс) Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық құқықтарына, БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Адам құқықтары жалпы декларациясының қағидаларына, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» қолданыстағы заңдарының талаптарына және ҚР өзге де нормативтік актілеріне, ҚазҰТУ ішкі нормативтік актілеріне, сапа саласындағы саясат пен мақсаттарына, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша заңнамалық талаптарына сәйкес жасалған.
     1.2 Кодекс Ғылыми кеңестің шешімімен қабылданып, ректордың бұйрығымен бекітілген.
     1.3 Кодекс ғылымды дамытуға және білім беру мен тәрбиелеу, ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу және оқыту-тәрбиелеу қызметінің тиімділігін жоғарылату саласында инженерлік-техникалық мамандар мен ғылыми-инженерлік кадрларды дайындау сапасын арттыруға бағытталған.
     1.4 Осы Кодекс Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың әр қызметкері үшін лауазымына қарамастан міндетті тәртіп моделін бекітеді. ПОҚ-тың тәртіп моделінің органикалық бөлігі ретінде оның оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыруындағы саяси-құқықтық, өнегелі-эстетикалық мәдениеті мен корпоративтік қағидасы саналады. Сонымен қатар, оқу-тәрбие үдерісінде жоғары мектеп қызметкерінің жеке тұлғалық және кәсіби-іскерлік қасиеттерінен тұратын кәсіптік мәдениеті қалыптасады.
     1.5 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ оқытушысының басты міндеті (миссиясы):

  • -өзін-өзі дамыту;
  • -өздігінен білім алу;
  • -өзін-өзі жетілдіру;
  • -ойлаудың кеңдігі мен жүйелігіне қол жеткізу мақсатында өз білімін үнемі толықтыру және жаңарту;
  • -заманауи білім беру және тәрбиелеу үдерістерін ары қарай жетілдіруіне байланысты өзгерістерге психологиялық тұрғыдан дайын болу.

     1.6 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері университеттегі қызметтік лауазымына қарамастан жұмыстың алғашқы айында осы Кодекспен міндетті түрде танысуы керек.
     1.7 Қызметкерлердің осы Кодекстің негізгі талаптарымен танысуы мен оларды орындауын университет басқармасының жоғары тұрған бөлімше жетекшілері қадағалайды.

     2 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері тәртібінің жалпы ережелері

     2.1 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы алғашқы Президентінің білім беру саласындағы саясатын қолдаушылары болып табылады және оны университеттің оқыту-тәрбиелеу үдерісінде жүйелі түрде жүзеге асырады.
     2.2 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері өз қызметінде Конституцияның негізгі талаптарын, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күресу туралы» қолданыстағы заңдарының, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың сапа саласындағы саясат пен мақсаттарын, еңбек қауіпсіздігі техникасы бойынша заңнамалық талаптары мен нормаларын, нормативтік-құқықтық құжаттарын басшылыққа алады.
     2.3 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері тәртіп сақтаудың қоғамдық нормалары мен ішкі тәртіп ережелерін сақтап, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың лауазымдық нұсқауларында қарастырылған өз лауазымдық міндеттерін сапалы түрде орындауы тиіс.
     2.4 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері университеттің еңбек және ұжымдық келісім-шарттарына сәйкес құқықтарын адал пайдалана отырып, өз міндеттерін орындауы тиіс.
     2.5 Оқытушы – барлық білім беру және тәрбиелеу үдерісінің орталық тұлғасы (педагог, ұстаз, ғалым) болып табылады.
     2.6 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері университеттегі тәртіп нормаларына сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырушылық, тәртіптілік қасиеттерін көрсете білулері тиіс.
     2.7 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері еңбек және оқу тәртібі талаптарын орындауында моральдық-этикалық тәртіп нормаларының үлгісі болып табылады.
     2.8 Оқытушы ҚазҰТУ мүддесіне сәйкес теориялық білімдері мен педагогикалық шеберлігін жоғарылату мақсатында жүйелі жұмыс істейді.
     2.9 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері қоғамның ең жоғары құндылығы – тұлғаны сыйлау, гуманизм, мораль сияқты жалпы адамгершілік кағидаларын сақтайды.
     2.10 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері салауатты өмір салтын қолдайды.
     2.11 Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушы құрамы мен қызметкерлері өз міндеттерін білуі және университеттің абыройы мен беделін сақтауы керек.

     3 Профессорлық-оқытушылық құрамның және қызметкерлердің корпоративтік этикасы

     3.1 Өзара қарым-қатынаста, студенттермен, қызметкерлермен және ҚазҰТУ қонақтарымен араласуда кішіпейілділік, сыпайылық және педагогикалық ұстамдылық таныту.
     3.2 Педагогикалық этика нормаларын сақтау.
     3.3 Өзіне және басқаларға (әріптестерге, білім алушыларға) ұстанымды тұрғыдан, шынайы қарау.
     3.4 Еңбек пен оқу ұжымдарында тұрақты және жағымды моральды-психологиялық жағдай жасауға кәсіби іске деген өзінің қарым-қатынасымен және жеке тәртібімен ықпал ету.
     3.5 Жаңадан келген ұжым мүшелеріне университет талаптарына бейімделуінде моральдық және кәсіптік көмек көрсету.
     3.6 Басқа қызметкерлер немесе студенттер тарапынан этика нормаларын бұзу жағдайларын болдыртпау.
     3.7 Студенттің ары мен намысын кемсіту жағдайларын болдыртпау.
     3.8 Білім алушыларға қатысты физикалық, моралдық және психикалық зорлық әдістерін қолдануға жол бермеу.
     3.9 Білім алушының ар-намысын құрметтеу.
     3.10 Қарамағындағы қызметткерлердің міндеттері мен құзырлығы көлемін лауазымдарына сәйкес нақты айқындап, орындай алмайтын өкімдерді бермеу және олардан лауазымдық қызметтен тыс тапсырмаларды орындауын талап етпеу.
     3.11 Басқарудың әртүрлі деңгейіндегі жетекшілер қабылдайтын шешімдеріне, жоғары тұрған басшыларға берген кеңестері мен ұсыныстарына жауапты болады.
     3.12 Қол астындағы қызметкерлерді айғақсыз айыптауды, дөрекілік жағдайларды, адам намысын кемсітуді, әдепсіздікті болдыртпау.
     3.13 Ұжымда ұрыс-керіс жағдайларды болдыртпау және оларға білім алушыларды тартпау.
     3.14 Өзінің жұмыс уақытын тиімді және ұтымды жұмсау, жұмыс орнын таза ұстау, мүлікке және басқа да материалдық құндылықтарға ұқыпты қарау, электроэнергияны, суды, электр қуатын және университеттің басқа да ресурстарын ұтымды жұмсау.
     3.15 Өзінің кәсіби және ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылатын материалдың плагиатын болдыртпау және оқу үдерісіндегі жемқорлық көрінісеріне қарсылық көрсету.
     3.16 Университеттің білім беру-тәрбие міндеттерін ескере отырып, киінуде іскери стильді ұстану.

     4 Профессорлық-оқытушылық құрамның және қызметкерлердің міндеттері

     4.1 Оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
     4.2 Еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға, жұмыс беруші актілеріне және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес еңбек және кәсіптік міндеттерін орындау.
     4.3 Қолданыстағы заңнаманың, нормативтік-құқықтық актілердің, университет басшылығының бұйрықтары мен өкімдерінің талаптарын орындау.
     4.4 Кәсіби біліктілік пен және педагогикалық мәдениет деңгейін жоғарылату бағытында жұмыс жасау.
     4.5 Құрылымдық бөлімшенің, университеттің ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу.
      4.6 Студенттік аудиториямен жұмыс істеу барысында еңбек және шығармашылық жағдай жасау.
     4.7 Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық және заңнамалық білімдерді насихаттауға қатысу.
     4.8 Жас оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды меңгеруде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
     4.9 Университеттің оқу-әдістемелік және материалды-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге қатысу.
     4.10 Студенттердің оқу сабақтарында, зертханалық және тәжірибелік жұмыстар кезіндегі еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы ережелерін орындауды қадағалау.
     4.11 Студенттермен және қызметкерлермен дөрекі сөйлеуге жол бермеу және ҚазҰТУ кәсіптік этикеті ережелерін қатаң ұстану.
     4.12 Студенттердің оқу-тәрбиелік үрдісінде және жеке жұмыста жеке қызығушылықты, сұраныстарды және икемдерді зерттеу.
     4.13 Техникалық университеттің оқу-тәрбиек жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, сапалы эдвайзерлік жұмыс жүргізу.
     
     4.14 Университет беделін қадірлеу, университет мүдделеріне қарама-қайшы келетін немесе нұқсан келтіретін іс-әрекеттерден бас тарту.

     5 Профессорлық-оқытушылық құрамның және қызметкерлердің құқықтары
     Профессорлық-оқытушылық құрамның және қызметкерлер:

     5.1 оқытудың әдістері мен құралдарын таңдауға;
     5.2 университеттегі оқу-тәрбие үдерісін жақсартуда белсенділік танытуға.
     5.3 кафедраның, бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер талқыланатын университеттің кез келген бөлімшесінің жұмысына қатысуға;
     5.4 оқу-тәрбие үдерісі бойынша басшыға ұсыныс беруге;
     5.5 мемлекеттік марапаттарға және Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да бекітілген марапаттарға ұсынылуға;
     5.6 педагогикалық шеберлікті арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында әріптестерді шақырып ашық сабақ (дәрістер, зертханалық, тәжірибелік, семинарлық сабақтар) өткізуге;
     5.7 университеттегі атқарған жұмыстары үшін моральдық және материалдық ынталандырылуға;
     5.8 ниверситет оқу бөлімшелерінің кітапханалық, ақпараттық қорлар қызметін қолдануға құқылы.

     6 Ұжымдық мәдениет кодексін бұзғандығы үшін жауапкершілік

     Профессорлық-оқытушылық құрам және қызметкерлер:
     6.1 Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға жауапты;
     6.2 Осы Кодексті сақтау Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлердің азаматтық және моральдық борышы болып саналады.
     6.3 Осы Кодекстің нормаларын және лауазымдық нұсқаулықтарын орындау Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ қызметкерлерінің басты міндеті болып саналады.
     6.4 Мемлекеттің ұлтаралық қатынастар, конфессияаралық келісім мен бейбітшілік саласындағы саясатына нұқсан келтіретін діни идеялар мен ой-пікірлерді тарату үшін жауапты.
     6.5 ҚазҰТУ қыметкерлерінің ұжымдық мәдениеті Кодексінің базалық қағидаларын іске асыруға жауапты.
     6.6 Кодекстің базалық қағидаларын білмеу немесе орындамау профессорлық-оқытушылық құрамның және қызметкерлердің оқу-тәрбие үдерісінде көрсеткен әдепсіз тәртібін ақтай алмайды.
     6.7 Оқу (аудиториялық, зертханалық, тәжірибелік) сабақтарының, кеңестердің және емтихандардың тәртібін бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауаты.
     6.8 Студенттер мен әріптестердің конституциялық және академиялық құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшін жауапты.
     6.9 Ғимараттағы еңбек қорғау ережелерін және санитарлық-гигиеналық шарттарды бұзғаны үшін жауапты.
     6.10 Университет көлемінде материалдық шығын келтіргені үшін жауапты.
     6.11.Педагогикалық қызметкерлерге білім беру үдерісін саяси үгіттеу, діни насихаттау мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттерге итермелеуге тыйым салынады.
     6.12 Осы Кодекс нормаларын бұзу:

  • құрылымдық бөлімше еңбек ұжымының жалпы жиналысында қарастырылып, ұсыныс (шешім) қабылдауға;
  • осы Кодексті бұзуға себеп болған жағдайларды анықтау үшін бекітілген тәртіппен құрылған комиссияның тергеу жүргізуіне;
  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерге тәртіптік жазалау салуға негіз бола алады.

     7 Қорытынды

     7.1 Осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
     7.2 Осы Кодекстің нормалары мен ережелері профессорлық-оқытушылық құрамның және қызметкерлердің еңбек және кәсіптік қызметінде қолданылуға және қатаң орындалуға міндетті.
     7.3 Осы Кодекстің қолданылу мерзімі шектелмеген.
     7.4 Осы Кодекс Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректорының қолы қойылғаннан күннен бастап қолданысқа енеді.

Болашақ