Ақпараттану

     2013 жылы « Информатика » кафедрасы ұйымдастырған . Қазіргі уақытта кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі Аманжолова Нұрлыхан Ыдырысқызы басқарып отыр.
    5В060200 «Ақпараттану» мамандығы сұранысы жоғары техникалық мамандықтардың қатарына жатады. Мамандықтың оқу бағдарламасы халықаралық "Computer-Science" бағдарламасына сәйкес келеді. Осыған байланысты мамандықтың оқу жоспары іргелі (фундаменттік) пәндерді тереңдетіп оқытуды қарастырады, әсіресе программалау тілдеріне (Object Pascal, C/C++, Java, C#, Haskell, PHP, XML және т.б.) дайындықты күшейту, желілік, таратылған және графикалық жүйелерді жобалау технологиясын UML қолданып объекті модельдеу және арнайы программалық қамтаманы дайындау технологиясын меңгеруді қарастырады.
    5В060200 – «Ақпараттану» мамандығының оқу жоспарына IТ-технологиясын дамытудың дүниежүзілік ахуалы: Mac OS Apple үшін офистік қосымшалар; Mac OS Apple-да информатика бойынша практикум; Mac OS Apple операциялық жүйесі; Mac OS Apple –да жүйелік программалау; Mac OS Apple графикалық пакеті; iOS Apple үшін мобильдік программалау; Android-та мобильдік программалау; iPhone, iPad және iPod үшін қосымшаларды өңдеу; OS Х Apple-ді администрациялау; Мас OS Apple –да желілерді және қауіпсіздікті басқару; IBM программалық қамтаманы өңдеу құралдары; IBM кластері үшін программалық қамту; HP программалық шешімі; HP желілік жабдықтары; HP-дің IT-жобаларын басқару т.с.с. элективтік курстар еңгізілген.
    Ақпаратты қорғау және заманауи технологияларды өңдеу саласындағы ғылыми зерттеулерге, Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциялар мен семинар жұмыстарына кафедраның оқытушылары, магистранттары, студенттері белсене қатысады.

Кафедра

Болашақ