Ақпараттық-аналитикалық орталық

    Білім ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегияның маңызды бастамасы. Қазақстанда білім беру реформасының негізгі мақсаты жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға білім беру жүйесінің бейімделуі болып табылады. Білім беру қызметі басқа саладан өзгешеліктігімен көлемді қаржыны қажет етеді. Сонымен қатар, ЖОО-ның тарихы, беделі мен имиджі сияқты құндылықтар да маңызды. Білім беру нарығында ЖОО-ның атқарған қызметінің жетістіктерінен құралған беделі мен имиджі бәсекеге қабілеттілігін арттырады. ЖОО-ның жоғарғы корпоративтік беделі білім беру ұйымының жасап жатқан жұмысының маңыздылығын көрсетеді. ЖОО–ның имидж түсінігіне хабарландыру мен бағалау кіреді. Бейне мен баға шартты тұжырымдамалық айырмашылықпен беріледі. Шынайы өмірде олар бір-бірімен тығыз байланысты. Адамдар университет имиджін өткен тәжірибелерінен, өмірдегі жоспарлары мен құндылықты бағдарларымен, көпшілік мақұлдаған принциптер мен қағидалармен бағалайды. Имидж құрылымы:

  • 1. Білім беру қызметін қолданушылар имиджі;
  • 2. қызмет имиджі;
  • 3. басшының имиджі;
  • 4. ұйымның ішкі имиджі;
  • 5. қызметкер имиджі;
  • 6. университеттің имиджі;
  • 7. ЖОО-ның әлеуметтік имиджі;
  • 8. ЖОО-ның бизнес-имиджі.

    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ қызметінің мақсаты білім беру қызмет нарығында университеттің бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін позитивті имиджін құру болып табылады. Абитуриенттер мен профессорлық - оқытушы құрамын тартып, оқытушылар деңгейімен бітірушілердің дайындық деңгейін көтереді. Бұл дегеніміз ЖОО-ның қаржылық, ақпараттық, адами, материалдық ресурс мүмкіндіктерін ашады. Корпоративтік имидждің сәтті құрылым процесі жоспарлауды, ұйымдастыру мен бақылауды қажет етеді. Имидж шынайы бейне мен нақты топпен өзара байланыста болу қажет. ЖОО-ның имиджі тактикалық шешімдер үшін жасалады. Университет имиджі дамыған сайын уақыт талабына сай болу керек.
    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ақпараттық –аналитикалық қызметі келесі негізгі бағыттармен жұмыс жасайды:

  • 1. Коммуникативтік кеңістік тұрғызу.
  • 2. Позитивті имидж қалыптастыру.
  • 3. Беделді оқу орынын құру.
  • 4. Бәсекелестермен байланыс орнату (серіктестік байланыс ұстану, ақпаратпен алмасу, өзара тиімді қарым-қатынасты құру).
  • 5. Оқу орнының аймақтық саясатын PR-қолдау (аймақтармен байланыс).
  • 6. Бизнеспен байланысты орнату (тәжірибе, түлектерді үлестіру, корпоративтік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру).
  • 7. Қызметкерлермен жұмыс (корпоративтік ұстаным, басшының саясатын түсіну мен қолдау).

    Университет қызметінің ең басты өнімі құзыреті барлық талапқа сай, еңбек нарығындағы өзгерістерге тез бейімделетін түлек болып табылады. Бұл жайында Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға арналған білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасында «... Адами капиталға инвестиция жасау техникалық үдемелі, өндірістік жұмыс күшін құру үшін қажет. Болашақтың табысты экономикасы білім саласында халықтың дағдылары мен мүмкіндіктерін қаржыландырады. Білімді әлеуметтік қажеттілік деп емес, экономикалық қаржыландыру ретінде түсіну керек».
    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да әкімшілік, профессорлық-оқытушылар құрамының, білім алушылардың сан қырлы қызметтерін ақпараттық қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

     Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ақпараттық-аналитикалық орталығы университетті ақпаратпен қамтамасыз етуді үйлестіреді, ақпараттық материалдар, ұсыныстар, университет басшылығының тапсырмасымен тақырыптық мәселелер бойынша аналитикалық анықтамалар дайындайды; еліміздегі жоғары білімнің дамуы мен жағдайына, әлемдік жоғары білімнің даму бағытына, білімге қатысты заңдарға, қаулыларға және білім мен ғылымды дамыту бағдарламаларына, университеттің білім қызметіндегі нарығына диагностикалық талдау жасайды; жоғары және орта білімге қатысты өнеркәсіп пен ресми статистика салаларының даму болашағына талдау жасайды; университет жұмысының жылдық есебін дайындауға қатысады; университет ректорының тапсырмасы бойынша мемлекеттік ұйымдарға, компанияларға, басқа да оқу орындарына материалдар дайындайды; білім және ғылым мәселелеріне байланысты республикалық және шетелдік БАҚ материалдарына талдау жүргізеді; университет жұмысына қатысты ақпараттарды талдап, шолу жасайды; «ҚазҰТУ хабаршысы» ғылыми журналына материалдар дайындайды, редакция алқасының мәжілісін өткізеді. «ҚазҰТУ хабаршысы» журналына келген ғылыми мақалаларды тіркейді және оның түпнұсқасының үлгісін дайындайды.
     Рейтинг және ғылыми жарияланымдар бөлімі университеттің ұлттық және халықаралық іріктеу жұмысына қатысуын және ҚазҰТЗУ қызметкерлерінің ғылыми жұмыстарын жетекші халықаралық басылымдарда жариялануын үйлестіреді.
     Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ұлттық деңгейде мынадай ұлттық рейтингтерге қатысады:

 

  • ҚР БжҒМ жанындағы Академиялық ұтқырлық және Болон процесі орталығының рейтингі;
  • Білімдегі сапаны қамтамасыз етуші Тәуелсіз қазақстандық агенттіктің рейтингі (БТҚА).

халықаралық деңгейде:

  • QS World University Rankings;
  • THE Thomson Reuters;
  • Webometrics.

     Сонымен қатар ҚазҰТЗУ тәртібі бойынша «Эксперт РА» (Ресей) рейтингілік агенттігіне ТМД университеттері рейтингісіне қатысу туралы өтініш берілді.
     ҚазҰТЗУ-дың әлемдік жоғары оқу орындары рейтингісіне кіруі үшін бөлімде келесідей жұмыстар атқарылады:

  • Рецензияланған Scopus, Web of Science, Science Citation, ғылыми журналдардағы жарияланымдардың санын арттыру, ғылыми басылымдарды іріктеу;
  • оқу орны ғалымдарының көмегімен ғылыми мақалаларды ағылшын тіліне аудару және ағылшын тіліндегі дайын ғылыми мақалаларды редакциялау;
  • дайын мақалаларды халықаралық жетекші ғылыми басылымдарға жіберу;
  • университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің мониторинг бойынша жарияланым жұмыстары.

     Ақпараттық-аналитикалық орталықтың құрамына мыналар кіреді:

  • Баспасөз қызметі;
  • Сурет зертханасы;
  • «ҚазҰТУ хабаршысы» журналы;
  • Рейтинг және ғылыми жарияланымдар бөлімі.

Байланыс үшін:
Директор: т.ғ.к., доцент Еділбаев Бауыржан Темірболатұлы
Телефон: +7 727 257 70 28, ішкі тел: 7028,
Кабинет: 501, МҒ
Эл.мекен-жайы: edilbaev_b@ntu.kz

Директордың ғылыми жарияланымдар және университет рейтингін көтеру жөніндегі орынбасары: Измуханов Абзал Серикович
Телефон +7 727 2926729 ішкі тел: 7253
Эл.мекен-жайы: a.izmukhanov@ntu.kz

Кабинет: 501, МҒ

 

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы: Федосенко Нина Федоровна
Телефон +7 727 2926346 ішкі тел: 7464
Эл.мекен-жайы: n.fedossenko@ntu.kz

Кабинет: 904, МҒ

 

Рейтинг және ғылыми жарияланымдар бөлім бастығы: Мырзаева Алимаш Абдикаимовна
Ішкі тел.: 7319
Кабинет: 506,МҒ
Эл.мекен-жайы: alim_shik@mail.ru

 

Болашақ