Хабарландырулар

18-мамыр –Халықаралық мұражай күні

    Қай тарих болмасын оның мәдени мұра болып қалатынын естен шығармайық, оны зерттеп, сақтауымыз керек. Мұражай экспонаттарын сақтау біздің өткен өмірге деген көзқарасымызды, оның алдындағы жауапкершілікті білдіреді. Мұражайдағы жинақталған дүние – оның жаны саналады. Әр экспонат адамға желпініс, әсер етеді.

Минералогия мұражайы

«Болашақ» стипендиясы жөнінде брифинг өтеді

    21 мамырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ақпараттық науқаны шеңберінде ҚР Президентінің Халықаралық «Болашақ» стипендиясына құжаттар қабылдау жөнінде брифингі өтеді.

ХЫД

Өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылады

    2012 жылғы 25 мамырда сағат 11:00 НК ғимаратының кіші конференц-залында IBM Корпорациясы (NYSE: IBM) және К.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ҚазҰТУ-да Қазақстандағы тұңғыш IBM Академиялық құзырлық орталығының бірлескен өзара түсіністік жөніндегі меморандумына қол қою рәсімі өтетінін хабарлайды.

АжТТИ

Эдвайзерлер мектебінің бірінші семинары

    22-23- мамырда сағ. 16-00-де Тау-кен институты ғимараты залында «Тәрбие, дінтану және экстремизмге қарсы тұру» ғылыми орталығының жетекшісі, ф.ғ.д. профессор К. Бегалинова «Қазақстан республикасындағы діни ахуалдың ерекшеліктері. Қазақстанның поликонфессиялық құрылымындағы ісләм және православия» тақырыбында дәріс оқиды.

ББИ

Эдвайзерлер мектебінің екінші семинары

    5-маусымда сағ. 16-00-де де Тау-кен институты ғимараты залында «Эдвайзерлік қызмет: мәні, кредиттік оқу жүйесінде қызмет етуді жүзеге асырудың жолдары» тақырыбына сұхбат өтеді және «Эдайзерлік жұмыстың 2012-2013 жылдарға арналған жоспарын» таныстыру жоспарланған.

ББИ

Жатақханалар байқауының қорытындысына кел

    Байқаудың мақсаты - жатақханалардағы тазалық пен тәртіпті сақтау, студенттердің әлеуметтік жағдайы мен белсенділігін арттыру. Сонымен қатар студенттерді тәртіпке, тазалыққа, ауызбіршілікке шақыра отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы департаменті мен өзін-өзі басқару ұйымдарының бекітуімен арнайы тексеру комиссиясы құрылды.

СКҰ

Хабарландыру

    12 мамырда кіші футбол алаңында самбо күресінен ҚазҰТУ-дың ректоры Кубогі үшін Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттері арасында жарыс өткізіледі. Жанкүйерлерді өз командаларын қолдауға шақырамыз!

ҚазҰТУ Спортклубы

IAU-дың XIV-ші Бас конференциясы

    «Жоғары білім және жалпыға бiрдей күн тәртiбі: Болашаққа арналған баламалы жолдар»
     27-30 қараша 2012 жыл , Өтініштерді қабылдау (тапсыру мерзімі: 2012 жылғы 31 мамырға дейін)Ассоциация IAU 14-ші Бас конференцияға дайындалу аясында жоғарғы бiлiм беретiн мекемелер басшыларынан, саясат саласындағы сарапшылардан, ғалымдар мен қатысуға мүдделі адамдардан конференцияға бір немесе бірнеше тақырып тезистерін тапсыруды сұрайды.

ХЫД

Экономика және бизнес институтында Ашық есік күні өтеді

    Экономика және бизнес институты талапкерлерді 2012 жылы 12 мамырда сағ.14.00-де МҒ –ның конференц. залында өтетін Ашық есік күніне шақырады.

ЭжБИ

«Халықаралық парламенттік стипендия» (ХПС), Германия Бундестагы

    Герман Бундестагы Берлин қаласының Еркін университетімен, Берлин қаласының Гумбольдт университетімен, Берлин қаласының Техникалық университетімен ынтымақтаса отырып, Сізді бес айға Берлин Халықаралық Парламенттік Стипендиясына (ХПС) қатысуға шақырады.

ХЫД

Синдикатты контент