Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, GUIDE (Global Universities In Distance Education, Rome, Italy) Ассоциациясының мүшесі болып қабылданды

    Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры академик Ж.М.Әділовтің креативті идеяларының негізінде, халықаралық ынтымақтастықты арттыру мақсатында, сонымен қатар дербес жағдайда қашықтықтан білім беруді дүниежүзілік деңгейде өрлету үшін 2015 жылдың 26 қаңтарынан GUIDE (Global Universities In Distance Education) Ассоциациясына мүше болып қабылданды. ҚазҰТУ Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында қашықтықтан оқыту технологиялары саласындағы жетекші орынды иелене отырып, GUIDE-пен қатар дамудың келесі кезеңіне бастау алып, инновациялық идеяның өрлеуіне, осы сектордың мамандарымен ынтымақтастықты дамытуға және ынтымақтастықтың стратегиялық жүйесін халықаралық деңгейде жасауға мүмкіндік бере отырып, дамудың және инновацияның басты элементі ретінде ЖОО рөлін айтылған бағыт бойынша нығайтады.

ҚББИ

Болашақ