Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттерінің Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі

     Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің әскери кафедрасының акт залында 2015 жылдың 10 ақпанында жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу шеңберінде кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күніне арналған Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі өткізілді.
     Кездесу алдында әскери кафедра бастығы-полковник Әжімов Олег Вали-Ахметұлы Ауған соғысы ардагерлеріне кафедраның тарихын және де оқу процесін уйымдастыру туралы айтып берді. Оларды оқу және материалдық-техникалық базасымен таныстырды.
     Ардагерлер үлкен ықыласпен әскери кафедра мұрайжайын тамашалады. Мұражайда құрмет кітапшасында өздерінің қолтаңбаларын және тілектерін қалдырды.

ӘДИ

Болашақ