СҒЗЖ бойынша Республикалық конкурс

Сызба геометрия, инженерлік және компьютерлік графикадан Республикалық конкурс туралы ақпарат

    Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазак ұлттық техникалық университеті, 2015 жылдың 18 мамырында, Сызба геометрия, инженерлік және компьютерлік графикадан студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарын дамыту және дарынды жастарды анықтау үшін Республикалық конкурс өткізеді.

ҚАТЫСУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТЫ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

    1. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарына арналған Республикалық конкурсқа Қазақстан Республикасының жоғары оқу – орындарының студенттері мен студенттік ұжымдары қатыса алады.
    2. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстарына арналған конкурсқа, техникалық ғылымдарының басымды және өзекті бағыттары бойынша, инженерлік геометрия және компьютерлік графика әдістерін қолданып, студенттердің өзі орындап, аяқталған ғылыми – зерттеу жұмыстары жіберіледі.
    3 Конкурсқа қатысушылар 2015 жылдың 15 мамырына дейін келесі құжаттарды электрондық поштаға жіберуі керек - kafedrangkazntu@mail.ru:
    1) ғылыми жұмыс, мемлекеттік стандартқа сәйкес рәсімделуі керек, көлемі 20 парақтан аспауы қажет;
    2) ғылыми жұмысқа аннотация (қосымша А);
    3) ғылыми жетекшінің, орындалған жұмыстағы студенттің үлесі туралы пікірі;
    4) автор (авторлар ұжымы) және ғылыми жетекші туралы мәліметтер (қосымша Б).
    Республикалық конкурсты өткізу мекен-жайы: Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 22, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазак ұлттық техникалық университеті, Бас оқу ғимараты. «Сызба геометрия және инженерлік графика» кафедрасы. Кафедра меңгерушісі Құспеков Қайырбек Әмірғазыұлы.
    Телефондар: 87272577080, +77052490243.

    КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ:
    1-ші орын – I дәрежелі 1 диплом және бағалы сыйлық;
    2 орынға – ІІ дәрежелі 2 диплом және бағалы сыйлықтар;
    3 орынға – ІІІ дәрежелі 3 диплом және бағалы сыйлықтар.
    Ерекше орындалған жұмыстары үшін студенттер және жүлдегерлердің ғылыми жетекшілері Қ.И.Сәтбав атындағы ҚазҰТУ ректорының алғыс хатымен марапатталады.

Материалды жүктеу

ӨИИ, СГ және ИГ кафедрасы

Болашақ