Кәсіби бағдар беру жұмысы

    2015 жылдың 29 мамыр айында Т.К. Бәсенов атындағы сәулет және құрылыс институтының оқытушылары Алматы обылысының Талғар ауданының Талғар қаласының №2 (оқушылардың жалпы саны – 70 адам) және №3 (оқушылардың жалпы саны – 45 адам) орта мектептерінде мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Бұл мектептерде кәсіби бағдар беру жұмыстарын өткізуге Институт директорының орынбасары Г.Б. Мурзалина, «ИЖжЖ» кафедрасының доценттері С.Ш. Ауельбеков, А.Ф. Кацович, Б. Халхабай, «ҚМБжКТ» кафедрасының доценті Д.Т. Сартаев, «ТҚжҚОҚ» кафедрасының доценті Ф.К. Батесова, аға оқытушысы Т.К. Ахмадиева, «Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы А.М. Ашикбаева, «СжД» кафедрасының аға оқытушысы Б.Т. Бекжигитов белсенді атсалысты. Институт оқытушылары кафедралар дайындайтын мамандықтар туралы толық мәліметтер берді, оқушылардың қойған барлық сұрақтарына жауап берілді. Мектеп бітірушілерге ҚазҰТУ және институт мамандықтары туралы буклеттер, университетке түсуге қажетті материалдар таратылып, университет туралы бейнеролик көрсетілді. Мектеп ұжымы және оқушылары институт оқытушыларына біздің университетке түсуге қажетті кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізгені үшін алғыстарын айтты.

СжҚИ

Болашақ