Ковентри университеті – КазҰТЗУ-дың жаңа серіктесі

     14 шілдеде Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-да Ұлыбританияның Ковентри университетінің өкілі, академиялық әріптестік қызметін дамыту бойынша аймақтық менеджер Сюзанна Томасси ханыммен кездесу өтті. Өткен жылы Томасси ханым Британ Кеңесімен ынтымақтастық аясында біздің және басқа да Алматы университеттерінде танысу сапарымен болды.
     Осы сапар кезінде әріптестік қарым-қатынастарды орнату екі университеттің ұзақ мерзімді ынтымақтастығын дамытудың перспективалық бағыттарын анықтау, бірлескен білім беру бағдарламалары магистратураның қосарлы диплом, PhD докторанттардың диссертациялық зерттеулеріне жетекші етумен жазғы мектеп және басқа мүмкіндіктерді іске асыруды талқылау болды.
     Бүгінгі күні Ковентри университеті Орталық Англияда орналасқан мемлекеттік көпсалалы зерттеу жоғары оқу орны. Ұлыбританияның Guardian басылымының нұсқасы бойынша 10 үздік жас университеттердің қатарына кіреді. Университетің басты мақсаттарының бірі - түлектерді жұмысқа табысты орналастыру. ЖОО көптеген бағдарламалары Ұлыбритания кәсіби салалық ұйымдарымен мақұлданды. ЖОО-ның жергілікті және халықаралық бизнеспен белсенді ынтымақтастығы студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыру үшін көптеген мүмкіндіктер береді.

МИПО “Excellence PolyTech”

Болашақ