ШЫҰ Университеттерінің серіктестері ынтымақтастықтың аспектілерін кеңейтуде

     22 шілде күні Пекиндегі Қытай мұнай университетінің президенті Чжан Лайбин және Халықаралық офистің директоры Сан Сюдонг бірінші рет Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ге келді. Барлығына белгілі, Пекин қаласындағы Қытай мұнай университеті Қытайдың ұлттық университеттерінің арасында бірінші орында. Бұл университеттің басты мақсаты – білікті инженерлерді дайындау және әлемдік мұнай өнекәсібіне сапалы білім арқылы және ғылыми зерттеулер арқылы техникалық мамандар дайындау. ПҚМУ-нің бағдарламалары химиялық инженерия, мұнай кәсіпшілігі, геоғылым, механикалық және электрондық техъника бойынша жүзеге асады. Сонымен қатар, компьютерлік ғылым, бизнес пен қытай тілі білім беру бағдарламалары бакалавриат, магистратура, доктарантура негізінде жүзеге асуда.
     Біздің университеттер жоғары кваликацияланған инженерлі кадрлерді дайындау үрдісіндегі сала көшбасшылары, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Желілік университеттерінің консорциумы мүшелері және ШЫҰУ бағыты бойынша бас (базалық) ЖООдар болып табылады. Осы екіжақтық ынтымақтастықтың бастауы болып екіжақтық магистрлік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі Келісім болып табылады. Осы Келісімнің аясында, 2012 жылдан бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ магистранттары ШЫҰУ аясында Пекиндегі Қытай мұнай университетінде «Энергетика» (Жағармай энергетикасы) бағыты бойынша білім алатын мүмкіндіктері бар.
     Ресми сапар кезінде екі университет арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қозғалды. Оның ішіне ратификацияланатын ынтымақтастық жөніндегі Келісімшарт бойынша екіжақтық қос дипломды дайындайтын оқу бағдарламаларын дайындау мен іске асыру, оқу-ғылыми орталығын құру, PhD докторанттарды өзара араластыру мәселерін айтып кетуге болады.

МИПО “Excellence PolyTech”

Болашақ