1 курс студенттерінің құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулері

    2015 жылдың қыркүйек айының 4 күні сағат 19:00 де № 4 жатақханада кездесу өтті. Кездесуде Бостандық ауданының учаскелік инспекторы, аға лейтенант Тоқтарбаев Дамир Бақытбекұлы және тәрбие ісі жөніндегі аға инспектор Өскенбаев Қайрат Тұрлықожалұы дәріс оқыды. Қонақтар студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, басты тақырыптарына көшті. Содан соң жиналыс басы басты тақырыпқа бұрылды. Дамир Бақытбекұлы "Әкімшілік және Қылмыстық кодекс" жайында студенттерге толық мәлімет берді. Қайрат Тұрлықожаұлы қоғамдық іс-шараларға қатысу және қара тізім туралы айтып өтті. Жиналыс соңында кеш қонақтары мен студенттер арасында сұрақ - жауап ретінде шағын сұхбат болды.

№4 жатақхана

Болашақ