Студенттер қалашығының аға әкімгері К.Г.Төлебиеваның жатақхана 1-ші курс студенттерімен кездесуі

    2015 жылдың 28 - тамыз күні №4 жатақханада 1-ші курс студенттеріне арналған жалпы жиналыс болып өтті. Жиынның басты мақсаты - университетке алғаш қадам басып, жатақханаға орналасқан студенттерді жатақхананың жалпы ережелерімен таныстыру. Жиынды ашқан студенттер қалашығының аға әкімгері Төлебиева Күлімхан Ғаниқызы мен жатақхана меңгерушісі Калменова Ақмарал Абайқызы 1-ші курс студенттерін жылы лебіздерімен қарсы алып, құттықтап, жатақхананың жалпы ережелерімен таныстырды. Жиын соңында студенттер білгісі келген сұрақтарын қойып, жауаптар алды.

№4 жатақхана

Болашақ