1 курс студенттерінің құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесулері

    2015 жылдың 3 қыркүйек күні Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің №3 жатақханасында Бостандық ауданының учаскелік инспекторы жатақханаға орналасқан 1 курс студенттерімен кездесті. Кездесуде учаскелік инспектор, аға лейтенант Тоқтарбаев Дамир Бақытбекұлы жатақхана студенттеріне жалпы қала ережелері мен жатақхана ережелерін түсіндіріп, студенттердің міндеттерін талқылады. Сонымен қатар өзінің тәжірибесінде кездескен тәртіпсіздіктер жайлы да атап өтті. Жатақхана студенттеріне тәртіп сактауды ең бірінші орынға қоюға кеңес берді. Қажет болған жағдайда өзінің қол ұшын беретінін де айтты. Жатақхана студенттері өзінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Осы оқу жылының басы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жатақхана тұратын студенттерімен кездесуінен басталуы, студенттердің алдағы уақыттағы тәртібіне оң ықпалын тигізеді деген сенімдеміз.

№3 жатақхана

Болашақ