Екі университет бірігетін болды

Екі университет бірігетін болды     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
    Мемлекет басшысы кездесу барысында Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Е.Бейсембетовті Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты.
    Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды және ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе, инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өтті.

г.Алматы, 25.12.2015, Егемен Қазақстан №247(28725), egemen.kz/2015/12/26/14048

Болашақ