Елбасы: Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен ҚБТУ-ды біріктіру қажет

Елбасы: Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен ҚБТУ-ды біріктіру қажет    АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ-Британ техникалық университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
    Мемлекет басшысы кездесу барысында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктірудің қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Е.Бейсембетовті Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты.
    Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды және ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өтті.

Алматы қ.,25.12.2015, ҚазАқпарат, inform.kz/kaz/article/2853997

Болашақ