Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде сенаторлар, ғалымдар мен кәсіпкерлер Мемлекет Басшысының бастамаларын іске асыру жайын талқылайды

    Күні және уақыты: 26 ақпан, 2016 жыл, сағ:11.00. Алматы қаласы, ҚазҰТЗУ, Сәтбаев көшесі 22.Масанчи көшесінің қиылысы. ТКҒ залы.
    Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУда «Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын іске асыру мақсатында, ғылым мен экономика және білім беру салаларының интеграция процесінде рөлін арттыру үшін құқықтық қолдауды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» конференциясы өтеді.
    Конференция серіктестері: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты; Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі.
    Әңгіме білім, ғылым және өндіріс интеграциясына бағытталатын болады. Университеттер, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының ғылыми-техникалық ынтымақтастық стратегиялық басымдықтарын қалыптастыру мәселелері талқыланатын болады. Өндіріске жаңа технологияларды трансферттеу бойынша бағдарламалық үзілмеген тізбекті қамтамасыз ету мәселелері де сөз болмақ.
    Осы тақырыпты дамыту Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өтуінің сыры – Қазақстанда техникалық білім беру және ғылымды дамыту , оның тарихи рөлі мен орнына байланысты.
    Конференция бағдарламасы инженерлік білім беру саласындағы ҚазҰТЗУ пленарлық отырысында және көрме контексі мен ғылым және технология өндірісінде жүзеге асырылатын болады.
    Пленарлық баяндамаларымен Қазақстан Республикасы парламент Сенаты, Алматы қаласы әкімі, ҚР Білім және Ғылым Министрі, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйымдар, ғылым және білім беру мекемелері , сарапшылар мен ғалымдар, еліміздің білім және ғылым мекемелерінің қызметкерлері.
Байланыс телефондарымыз: 257 70, 28 292 63 46

ААО

Болашақ