Университеттік КТК ойындарының жартылай финалы өтті

     Жуырда университет институттары арасында КТК қазақ лигасының жартылай финал ойыны өтті. КТК қазақ лигасының жартылай финалдық сайысына 8 топ қатысып, үздіктері финалдық ойынға өтті. Олар: Қ.Тұрысов атындагы Геология және мұнай газ ісі институтының "АИ-98" және "Ice cream" топтары, Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының "АКТИВИСТТЕР" тобы, Ө.Байқоңыров атындағы Тау-кен және металлургия институтының "Байқоңыр бекеті" тобы және Ә.Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институтының "12:34" тобы. КТК ойындарының басты қонағы әрі қазылар алқасының төрағасы Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен бір айдан кейін болатын финалдық ойынға өткен топтарға сәттілік тіледі.

 

Болашақ