Студенттік «Жас менеджер» клубының дөңгелек үстелі өтті

    2016 жылдың10 наурызында«Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг» кафедрасының «Жас менеджер» клубы «Қазақстанның инновациялық даму мәселелерін жастар арасында шешу жолдарын талқылау» атты студенттік дөңгелек үстелін ұйымдастырды. Дөңгелек үстелді өткізу мақсаты Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ студенттерінің ғылыми-техникалық әлеуетін дамыту болып табылады. Студенттік дөңгелек үстелдің міндеттері студенттерді ғылыми-тәжірибелік қызметтеріне тарту; жастардың ғылыми қызметін ынталандыру және қолдау; студенттер, магистранттар арасындағы жан-жақты байланыстарын нығайту; жастардың инновациялық әлеуетін жүзеге асыру шарттарын құру болып табылады. Дөңгелек үстел жұмысына «Менеджмент», «Маркетинг», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2,3 - курс студенттері және магистранттары қатысты. Студенттік Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша кафедра меңгерушісі А.А. Рамазанов студенттерді Каспий қоғамдық университетіндегі «Ғылым мен инновацияларды дамыту концепциясы: жас ғалымдар көзқарасы» атты Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуды ұсынды. «Жас менеджер» клубының президенті, «Өнеркәсіптегі менеджмент және маркетинг» кафедрасының аға оқытушысы Курбанова К.А. ұсынылған ең үздік баяндамалары үшін келесі студенттерге сертификаттарды табыс етті. Олар: Бекен Марал, Азизқызы Фатима, Әкімхан Баян, Слангожа Еламан, Радюкова Мария. Экономика және бизнес институтының директор орынбасары Тогисбаева А.Б. «Жас менеджер» студенттік клубының ары қарай дамуына өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, Тәрбие жұмысы департаментінің Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлім инспекторы Әуелбекова Ф.Ә. дөңгелек үстел қатысушыларына университет шеңберіндегі дебаттарға белсенді қатысуды ұсынды.

«Жас менеджер» клубы

Болашақ