11.03.2016ж Наурыз мерекесіне байланысты "ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!" атты ашық эдвайзерлік сағат өтілді

         Университетіміздің Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының "Қолданбалы химия" кафедрасының эдвайзері Наурызбаева Шалқар Қаһарманқызының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 11 наурыз айында «5В012000- Кәсіптік оқыту» мамандығының 3 курс студенттерімен «Ұлыстың ұлы күні!» атты тақырыбында ашық эдвайзерлік сағаты өтті.

      Кеш барысында келген қонақтарға Наурыз көже ұсынылып, әрі қарай қызықты өтуі үшін салт-дәстүрлерге байланысты қойылымдар қойылды. Тамаша әуендер мен билер және қызықты ойындар өткізілді. Шараға Тәрбие жұмысы департаментінің бас маманы Сая Рымғалықызы, "Қолданбалы химия" кафедрасының аға эдвайзері Ускембаева З.К., Жоғары технологиялар және тұрақты даму институтының директорының орынбасары Елжанов Е.А. қатысып, студенттердің белсенділігі үшін алғыстарын білдіріп, алғыс хаттармен мадақтады.

"ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ!" атты ашық эдвайзерлік сағат

ЖТжТДИ, Қолданбалы химия кафедрасы

Болашақ